Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Қостанай театры Астанада қос бірдей драма қояды

05.09.2018 460

Қостанай театры Астанада қос бірдей драма қояды

Қыркүйектің 7-сі күні сағат 19:00-де Астана қаласындағы Оқушылар сарайында жазушы-драматург Жолтай Жұмат-Әлмашұлының «Қайырымды қаладағы қарлығаштар» атты драма-абстракциясы сахналанады. Ал қыркүйектің 8-і күні сағат 17-00-де осы сахнада драматургтің тағы бір туындысы - «Мұңмен алысқан адам» драма-элегиясы көрерменге тарту етілмек.

Спектакльдерді Қостанай облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры қояды. Қос пьесаның да қоюшы режиссері - Ержан Қауланов, суретшісі - Маралбек Нұрмаханов.

«Қайырымды қаладағы қарлығаштар» драма-абстракция 2017 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өткізген жабық конкурста ІІ орынды иелеген болатын. Астананың 20 жылдығына арналған бұл шығармада бас кейіпкер – Сәулеткер жігіт арқылы қазақ елінің ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздік тұғырына қонуы, өзінің бас қаласы – Астананы салу жоспары, орнығуы мен өркен жаюы, осы жолдағы тартыстар мен қиыншылықтар сөз болады. Драма ішкі тартысқа құрылған, оқиға желісі тартымды, көрерменді еліктіріп отырады.

Ал «Мұңмен алысқан адам» драма-элегиясының бас кейіпкері Асан қарт қазақ жерінен бас сауғалап көшкен ауқатты әулеттің ұрпағы. Жағдайы жақсы, бала-шағасы бар. Не ішем, не кием демейді. Алайда алыста қалған атамекені аңсатып, үнемі сағыныш құшағында күн кешу қажытқан. Жатса да, тұрса да, ойлайтыны – елі. Бар арманы – туған жерге табанын тигізіп, ауасын жұту, топырағын сүю... Мәңгіге құшағында қалу...

Драмада кешегі кеңес кезінде ылажсыз туған жерін тастап, жер ауып кеткен мыңдаған көңілі жаралы қандастарымыздың туған жерін аңсаған жан күйзелісі, ішкі шері бір отбасы арқылы көрсетіледі.

Оқиға Францияда басталып, Түркістан қаласында аяқталады.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: Қостанай облысы, Жолтай Жұмат-Әлмашұлы, драматург, спектакль
(1)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар