Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Ақын Әмірхан Балқыбекке Юнус Емре түрік мәдениет орталығының сыйлығы берілді

11.06.2015 219

Ақын Әмірхан Балқыбекке Юнус Емре түрік мәдениет орталығының сыйлығы берілді

 


Бүгін Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық  кітапханасы  мен Юнус Емре Институты Астана Түрік Мәдени Орталығы  бірігіп, танымал түрік ақыны Фарук Нафыз Чамлыбелді еске алуға арналған поэзия кешін өткізді. Шараға түріктің әдебиеттанушы ғалымдары мен  ақындар қатысты. 




      000000000000000000000000000000.jpg


Фарук Нафиз Чамлыбел – 18 мамыр 1898 жылы Ыстамбұлда туды.  Әкесі мемлекет қызметкері, аты-жөні Сүлейман Назиф Бей,  анасының аты  Фатма Рухие. Ақынның алғашқы 1914 жылы «Сағат» атты өлеңі Балалар Әлемі журналында басылған.


Өлеңдерінің негізгі тақырыбы махаббат, сағыныш, табиғат, өлім, қаһармандық болып табылады. 1918-1930 арасында негізінен махаббатты жырлаған. Сезім мен ойды бірге алып жүретін романтикалық, реалистік тақырыптағы өлеңдерімен көпшілікке танылды. «Жолаушы», «Арбашы» деген өлеңдерінде жолаушыны рухқа, арбашыны денеге теңеуде өте асқан шеберлік танытқан. Өлеңмен бірге отан, ұлтқа деген махаббатын айшықтайтын спектакльдер де жазды. 1936 жылы жазған «Жұлдыз Жаңбыры» деген романы бар.





           0000000000000000000000001.jpg


Қазақтың өмірден ерте өткен талантты ақыны Әмірхан Балқыбек Фарук  Нафыздың бір топ өлеңдерін аударып, қазақ оқырмандарына таныстырған еді. Кеш барысында марқұм  Әмірхан Балқыбекке  Юнус Емре түрік мәдениет орталығының сыйлығы тапсырылды. Ақынның сыйлығын «Әдебиет порталы» интернет-жобасының жетекшісі Бауыржан Қарағызұлы табыстап алды. Сыйлық  жақын арада Әмірхан Балқыбектің отбасына жеткізілетін болады. Қазақ әдебиетіне, қазақ поэзиясына ортақ марапатпен қазақ оқырмандарын құттықтаймыз. 


             00000000000000000000000012.jpg


             000000000000000000000000112234.jpg


           000000000000000000000000112.jpg


       0000000000000000000000001122.jpg 


      000055.jpg


      00000000000000000000000011223.jpg


adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар