24 мамыр 2018
Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Түрік ақыны Фарук Нафыз Чамлыбелді еске алуға арналған поэзия кеші өтеді

10.06.2015 100

Түрік ақыны Фарук Нафыз Чамлыбелді еске алуға арналған поэзия кеші өтеді

 


                             11108668_847043155380308_5690860523609116143_n.jpg                   4c6d4e9bbc72d253506126d70f2daa63.jpg




Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық  кітапханасы  мен Юнус Емре Институты Астана Түрік Мәдени Орталығы  бірігіп, 11 маусым күні  сағат 16.00-да атақты түрік ақыны Фарук Нафыз Чамлыбелді еске алуға арналған поэзия кешін өткізеді.


Қазақтың өмірден ерте өткен талантты ақыны Әмірхан Балқыбек Фарук  НАФЫЗдың бір топ өлеңдерін аударып, қазақ оқырмандарына таныстырған еді. Кеш барысында марқұм  Әмірхан Балқыбекке  Юнус Емре түрік мәдениет орталығының сыйлығы тапсырылады.


Поэзия кеші ҚР ҰАК-ның «М.Жолдасбеков» залында өтеді. Шараға түріктің әдебиеттанушы ғалымдары мен  ақындар қатысады. Келем деушілерге есік ашық!

 

 


Фарук  НАФЫЗ  ЧАМЛЫБЕЛ

 

 

ҰЛЫМА

 

 

Білем ұлым, бұл өмірге келген жоқсың әлі күн,

Себебі әлі анаң да жоқ айтатұғын анығын.

Келсең бірақ түсінерсің шешкенімді неліктен

Бейбақ ұлым көрмесін деп дүниенің жарығын.

 

Кешке дейін қой бағарсың, ой бағарсың мұңайып,

Түнде де ұйқың төрт бөлінер, тұра алмассың тыңайып.

Еңбегің еш, сорың қалың атанарсың міскін жан,

Мың бір рет ақталсаң да, тағар және бір айып.

 

Бел қайыспай кім төзеді төксе заман қаһар шын,

Бұл өмірдің түсінерсің екендігін қатал сын.

Жоқшылықтың теңізінен шыға алмассың малтығып,

Көрінгенге тісің қайрап, сосын жылап жатарсың.

 

Тозар бір күн шәркейің де тігіп берген теріден,

Көз жасыңды құрғатарсың көйлегіңнің жеңімен.

Анадолың анаң болып сипамайды маңдайдан,

Кезбе құсап күн кешерсің мына өмірден жеріген.

 


 

ПЕРІШТЕ

 

 

Анасы  кеше Зейнепке

«Періште балапаным» деп еді,

Естісімен бұл сөзді

Қыз алаңдап сұрады:

«Періште балапаным» дейсіз,

Түсінбей далмын.

Періштеде қанат болмай ма,

Қайда менің қанатым?

 

Сонда анасы жауап  берді:

«Тағы үш балапаным бар-ды,

Олар қанаттанып ұшып кетті.

Жалғыз қалдырды,

Қасіретке батырды.

Тағы да мұңға батпайын деп,

Қанатыңды қиып алғам,

Қарағым»

 

 

Аударған:  Әмірхан Балқыбек



adebiportal.kz

 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)


Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар