Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Халықаралық «Дарабоз-2015» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

03.06.2015 239

Халықаралық «Дарабоз-2015» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

 

 

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт Министрі А.Мұхамедиұлының қатысуымен Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Х Халықаралық «Дарабоз-2015» сыйлығын табыстау салтанаты өтті. Салтанатты шараға Министрмен қатар, депутаттар, сенаторлар, және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жазушылары мен қоғам қайраткерлері қатысты.


                                                IMG_8617.JPG



«ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясының қолдауымен, қазақ балалар әдебиетін дамыту мақсатында «Бауыржан» қайырымдылық қоры және Қазақстан Жазушылар одағы, оныншы жыл қатарынан балалар жазушылары арасында Халықаралық  «Дарабоз» конкурсын өткізіп келеді.


Балалар әдебиетіне арналған Х мерейтойлық бәйге 20-сәуірден бастап 20-мамырға дейін жалғасып, бәйге қорына 500 ден астам шығармалар келіп түсті. Әдеби бәйгенің жеңімпаздарына арналған жалпы жүлде қоры  3000 000 теңгені құрайды.


                                                 IMG_8603.JPG



Әдеби шығармаларды бағалау барысында олардың әдеби-көркемдік жағы, баяндалу реті, автордың тіл байлығы және басқа да мәселелер ескерілді.

Биылғы жылы «Балалар әдебиетіне қосқан үлесі үшін» атты арнайы сыйлық тағайындалды.  Жоба тарихында алғаш рет ұсынылған сыйлықты Қазақстанның Халық жазушысы Мұзафар Әлімбаев иеленді.  


                                   IMG_8713.JPG



Сонымен оныншы рет өткізілген халықаралық жыр додасының қорытындысы мынадай болды:

 

Бас жүлде – «Есен-сау жүріңізші  асыл ата!» шығармасы үшін Пернебай Дүйсенбин (1 млн теңге)


Жүлделі І орын – Қайырбек Шағыр, Жұмагелдинова Дария


Жүлделі ІІ орын – Мейіржан Жылқыбай, Клепикова Елена


Жүлделі ІІІ орын – Әділбек Ыбырайымұлы, Назарбаева Гүлсімге бұйырды.



                                IMG_8743.JPG


                                IMG_8805.JPG



IMG_0809.JPG

                 

               IMG_8700.JPG


                                IMG_8638.JPG





adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар