Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Академик Рымғали Нұрғали тұлғасына арналған халықаралық конференция өтті

03.06.2015 441

Академик Рымғали Нұрғали тұлғасына арналған халықаралық конференция өтті



 

1 маусым күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде көрнекті әдебиеттанушы ғалым, ҚР ҰҒА академигі Рымғали Нұрғалидың туғанына 75 жыл толуына арналған «Әдебиетанудың теориялық мәселелері және Рымғали Нұрғали зерттеулері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Конференцияны Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ректоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Бәтташұлы Сыдықов кіріспе сөз сөйлеп ашты.


               Z09B1607.JPG


              Z09B1645.JPG



Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбіш Кекілбаев, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі ақын, драматург Нұрлан Оразалин, ҚР ҰҒА академигі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сейіт Қасқабасов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, журналист Сұлтан Оразалы, Астана қаласы әкімінің орынбасары, жазушы-драматург Ермек Аманшаев, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ф.ғ.д., Уәлихан Қалижан, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік университетінің проректоры, ф.ғ.д., профессор Бауыржан Ердембеков және алыстан жеткен құрметті қонақтар: Қазан Федеральды университеті филология және өнер университетінің профессоры, ф.ғ.д.,Ресей Гуманитарлық ғылымдар академиясы академигі Хатип Юсупович Миннегулов, Түркия Мугла Сыткы Кочман университетінің Әдебиет факультеті қазіргі түркі тілдері және әдебиет бөлімінің меңгерушісі, профессор Әли Аббас Шынар академик Рымғали Нұрғалидың адамдық болмысы мен тұлғалық, ғұламалық қыр-сыры туралы қазақ өркениеті биігінен алып, танымдық, ғылыми баяндама жасады. Бұл конференцияның материалдары жинақ болып жарық көрді. 


             Z09B1632.JPG


            Z09B1656.JPG


            Z09B1773.JPG


            Z09B1777.JPG



adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар