Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Жеті ақынмен онлайн-конференция өткізіледі

28.05.2015 254

Жеті ақынмен онлайн-конференция өткізіледі

              ОНЛАЙНКОНФЕР.jpg

 


«Өлең – сөздің патшасы» деп хакім Абай айтқандай, поэзия – шексіз әлем, құдіретті күш. Ғасырлардың қойнауынан жеткен қазақ жырының жез қоңыраулы көші алдағы толқынмен талайлардың таңдайын қаққызып, тамсандырып, жалғасып келеді. Соның ішінде екі мыңыншы жылдықтан бері қарайғы ақындар легі қазіргі қазақ поэзиясындағы шығармашылық тұрғыдан қалыптасқан, өзіндік қолтаңбасы бар таланттар.  Атап айтқанда, Ырысбек Дәбей, Ақберен Елгезек, Ұларбек Дәлейұлы, Ерлан Жүніс, Тоқтарәлі Таңжарық, Құралай Омар, Бақытгүл Бабаш, Ықылас Ожай, Бауыржан Қарағызұлы, Ұларбек Нұрғалым сынды талантты ақындар бүгінде қазақ оқырмандары іздеп жүріп оқитын ақындарға айналды.


«Әдебиет порталы» интернет-жобасы осы кезге дейін сіздермен бірге Әкім Тарази, Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, Темірхан Медетбек, Серік Ақсұңқарұлы, Ұлықбек Есдәулет, Несіпбек Айтұлы, Гүлнар Салықбай сынды қазақтың маңдайына біткен талантты ақын-жазушылармен интернет-конференциясын өткізіп, сіздерден келген түрлі сауалдарға бірге жауап іздеген болатын.  Бүгін біз сіздердің назарларыңызға  екі мыңыншы жылдықта әдебиет әлеміне ентелей кіріп, елді елең еткізген белгілі жеті ақын – Ақберен Елгезек, Ерлан Жүніс, Ұларбек Дәлейұлы, Ырысбек Дәбей, Тоқтарәлі Таңжарық, Ықылас Ожайұлы және Ұларбек Нұрғалыммен онлайн- конференциясын ұйымдастырып отырмыз. 


Онлайн-конференциясы 28 мамыр мен 28 маусым аралығында жүргізіледі. Алдағы уақытта осы дәстүрмен екі мыңыншы жылдықтағы қазақ прозасына келген жас жазушылармен жалғастыратын боламыз.


Құрметті портал оқырмандары! Онлайн-конференцияның қонақтарына көкейлеріңізде жүрген ұлт тағдыры, әдебиет, мәдениет тақырыптарында және ақындардың шығармашылығы мен жеке өміріне қатысты  түрлі сауалдарыңызды еркін түрде жолдай аласыздар!


Олай болса, іске сәт! Сауал сіздерден, жауап ақындардан! 


adebiportal.kz



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар