Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
«Мемлекетті тіл және БАҚ» республикалық байқауы жарияланды

19.05.2015 376

«Мемлекетті тіл және БАҚ» республикалық байқауы жарияланды

                                                               

                                                                    924017c20b.jpg



Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті «Мемлекетті тіл және БАҚ» атты республикалық байқауын жариялайды.


Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау болып отыр.

Байқауға еліміздің қоғамдық өмірінде мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту мен мәртебесін нығайту бойынша қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалы туралы өткір де, өзекті мақалалар (бағдарламалар) жариялаған және жариялап жүрген жекелеген журналистер қатыса алады.


Байқау төрт номинациядан тұрады:


«Үздік мақала» (баспасөз бойынша);

«Үздік телеарна бағдарламасы» (телеарна бағдарламалары бойынша);

«Үздік радио бағдарламасы» (радио бағдарламалары бойынша)

«Үздік сайт мақаласы» (сайт материалдары бойынша)


Байқау 2015 жылғы 10 қаңтар мен 10 маусым аралығында қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген жарияланымдар, эфирден өткен хабарлар, қазақ тілінде жұмыс істеп жатқан сайттар қамтылып отыр.


Байқау материалдары жарияланған күйінде (газет-журнал беттерінде, бейне және аудиокасета немесе СD-DVD диск түрінде) 10 маусымға дейін қабылданады.


Байқау жеңімпаздары қазылар алқысының шешіміне сәйкес арнайы дипломдар, алғысхаттар және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.


Марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.


Байқауға ұсынылған материалдар 2015 жыдлдың 10 маусымына дейін төмендегі мекенжайға жолданылуы тиіс:

01000 Астана қаласы, «Министрліктер үйі», 15-кіреберіс. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті, «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» республикалық конкурсына.


Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-05-01, 74-05-02; 8 701 682 15 44

Қосымша ақпарат: http://www.tilortalyq.kz/


adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар