Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Бүгін танымал карикатурашы Еркін Нұразханның туған...

17.01.2017 4587

Бүгін танымал карикатурашы Еркін Нұразханның туған күні

Бүгін танымал карикатурашы Еркін Нұразханның туған күні - adebiportal.kz

  • Белгілі суретші Еркін Ибрагимұлы Нұразхан 1953 жылы 17 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жаңғызтал аулында дүниеге келген.

Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтының көркемсурет факультетін бітірген. Кәсіби мамандығы – сахна суретші-технологы.

«Кімге күлеміз?» сатиралық суреттердің, «Қабанбай батыр», «Қасым Қайсенов», «Оралхан Бөкеев» кескіндемелік портреттердің және т.б. жұмыстардың авторы.

Жұмыстары Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында, Шығыс Қазақстан этнографиялық мұражайында (Өскемен), Невзоровтар әулеті атындағы Шығыс Қазақстан бейнелеу өнері мұражайында (Семей), Тарбағатай аудандық тарихи мұражайында (Ақсуат ауылы), О. Бөкеевтің әдеби-мемориалдық мұражайында (Шыңғыстай ауылы) сақталуда.

1983 жылдан - «Балдырған» журналының көркем редакторы. 1991-1992 жылдары - «АлмаСТ» қазақ-түрік бірлескен кәсіпорынының бас суретшісі. 1993 жылдан - «Түркістан» газет-апталығының суретшісі, тілшісі, бөлім меңгерушісі.

2002-2005 жылдары - «Өнер» баспасының бас редакторы. 2006 жылдан - Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының бөлім меңгерушісі, 2008 жылдың қазан айынан бері - директорының орынбасары.

Еркін Нұразханов – қазақ әдебиеті мен өнеріне қатысты белгілі қайраткерлердің түгелдей дерлік әзіл суреттерін салған суретші. Әрі ол суреттері қайраткердің өмірі мен шығармашылығын ашып көрсететіндей тамаша танымдылығымен ерекшеленеді.


adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар