Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Абай оқулары» республикалық байқауы

19.05.2015 876

«Абай оқулары» республикалық байқауы

                                                     

                                                                                      Hf4ldxG1B11J17w1Qc4l255vf9qz3e.jpg



Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстанның этнос жастары өкілдері арасында «Абай оқулары» республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) жариялайды.

 

Байқаудың мақсаты: қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту.


 

Байқау қазақ тілінде өтеді. Байқау екі кезеңнен тұрады.

 


Бірінші кезең – облыстарда және Астана, Алматы қалаларында ағымдағы жылдың ақпан-тамыз айлары аралығында өтеді. Бірінші кезеңнің жеңімпаздары туралы толық мәлімет 2015 жылғы 10 тамызға дейін Комитетке жолданады.

 


Екінші кезең – республикалық байқау, Қазақстан халқы тілдері фестивалі аясында ағымдағы жылғы қыркүйек-қазан айларында өтеді.

 

Байқауға көркем сөз оқу және ән айту шеберлігін қатар игерген 16-22 жас аралығындағы Қазақстанның этнос өкілдері қатысады.

 

Жергілікті тілдерді дамыту басқармалары облыстық, Астана және Алматы қалалық байқауларының жеңімпаздарына республикалық кезеңге қатысу үшін жолдама береді.

 


Байқауды өткізу шарттары


 

Көркемсөз оқу шеберлігін айқындау:

 

– Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа мәнерлеп оқу. Орындау уақыты 3-4 минуттан аспауы тиіс;

 

– М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа орындау  (3-4 минут).

 

Әншілік қабілетін таныту:

 

Халықтың және Абайдың әндерін орындау (1 ән). Уақыты 3-5 минуттан аспауы тиіс.

 



Үміткерлер өнерін бағалау кезінде:

 


– көркем мәтінді талғау және оқу шеберлігіне;

 

– қазақ тілінде орфоэпиялық нормаларын сақтап сөйлеуіне;

 

– ән орындау шеберлігіне;

 

– сахналық өнер көрсету мәдениетіне және қазақтың ұлттық киім үлгісіне назар аударылады.

 

Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Комитет анықтайды. Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, педагогика салаларының ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнердің беделді қайраткерлерінен тұрады. Сандық құрамы 5-7 адамнан аспауы тиіс. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және мүшелерінен тұрады.

 

Қазылар алқасының жұмысына төраға басшылық жасайды, шешім шығарады және қазылар алқасы шығарған шешім үшін жауапты болады. Хатшы қазылар алқасының шешімі бойынша хаттаманы ресімдейді.

 

Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешіміне сәйкес дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

 

Мекен-жайымыз: Астана қаласы,  Орынбор көшесі 8-үй, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті. 


Байланыс телефондары: 8(7172) 74-04-56, 74-05-10, 74-05-09 (тел/факс).


adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар