24 мамыр 2018
Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
«Дарабоз» Конкурсы Жаңа Деңгейде

24.04.2015 341

«Дарабоз» Конкурсы Жаңа Деңгейде

Безымянны.png

22 сәуір  Қазақстан баспасөз клубында Х жылсайынғы халықаралық «Дарабоз-2015» сыйлығына арналған баспасөз конференциясы болып өтті. Онда спикер ретінде қатысқан аталмыш шараның ұйымдастыру комитеті, спонсорлар мен келіп түскен шығармаларға әділқазылық ететін жазушылар мәлімдеме жасады. Естеріңізге сала кетсек, 2006 жылдан бері елімізде «Дарабоз» атты балаларға арналған шығармалар үшін бәйге ұйымдастырылып келеді. Биылғы жылы игі шараның басы-қасында жүрген «Бауыржан» қайырымдылық қоры жобаны жаңа деңгейде өткізуді көздеп отырғаны мәлім болды. 

Баспасөз конференциясында алғы сөзді алған «Бауыржан» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Жұлдыз Омарбекова конкурсты ұйымдастыру комитетінің төрайымы ретінде «Дарабоз» конкурсына шығармаларды қабылдау мерзімі үстіміздегі жылдың 20-мамырына дейін жалғасатынын хабарлады. 

– Биыл «Дарабоз» конкурсы «ЖерСу» инвестициялық өндірістік корпорациясының қаржылай қолдау көрсетуінің арқасында оныншы мәрте өткізілгелі отыр. Осы мерейтойлық мерзімді ескере келіп, биылдан бастап шығармаларды тек қазақ тілінде ғана емес, сонымен қатар, орыс тілінде де қабылдауды жөн санап отырмыз. Тағы да бір қуантарлық жайт, үздік шығармалар топталған жинақтан бөлек, биылғы жылы «Атамұра», «Дәуір», «Алматыкітап», «Аруна» баспалары лайық деп таныған бір-бір кітаптың шығарылымын мойындарына алып отыр. «Ел боламын десең,  бесігіңді түзе» деп бекер айтылмаса керек! Біз  өскелең ұрпақты батысқа еліктеуден,  діни ағымдардан, интернеттегі адам шошытарлық түрлі қатерлі ақпараттардан сақтандырғымыз келіп шарқ ұрамыз. Алайда, оларды қоғамнан бөліп жарып тәрбиелей алмайтынымыз айқын. Себебі, адамның күні адаммен. Адаммен араласпай-құраласпай болмайды. Бала да сол сияқты. Оның болашақта қандай азамат болуы қоғамға, және жан жақтан ағылып келіп жатқан ақпаратқа тікелей байланысты. Бұл тығырықтан шығатын бірден-бір жол, ол – кітап. Кітап – осы қауіпті вирустарға төтеп беретін иммунитет іспетті рухани азық. Сондықтан бүгінгі сіз бен біздің міндетіміз Балалар жазушыларына қолдау көрсету. Сол арқылы дүниеге бүлдіршіндер қауымына арналған мықты шығармалардың көптеп келуіне септігімізді тигізу; кітап тираждарын көбейтіп, тегін тарату, сол шығармалармен өскелең ұрпақты тәрбиелеу. Елін көркейтер, еңбегіне адал, ел қамын жейтін ұрпақ тәрбиелеу, – деп сөзін жалғады спикер. 

– Конкурсты қаржыландырып келе жатқан «ZHERSU» инвестициялық өндірістік корпорациясынан өкіл ретінде қатысып отырған «ZHERSU» ИӨК Басқармасы Төрағасының орынбасары Шара Сиргебаева сөз алып, – Корпорация президенті Оспанов Бауыржан мырза ұзақ жылдар бойы осы тектес шараларға көп көңіл бөліп, қаржылай қолдау көрсетіп келеді.  Биыл «ZHERSU» инвестициялық өндірістік корпорациясы жобаға 6 млн көлемінде қаржы бөліп отыр. Ол қаржы конкурста жеңімпаз атанған авторларға жүлде ретінде үлестіріліп, қалғаны кітап шығаруға жұмсалатын болады. Балалар әдебиеті – олардың болашағы, біздің болашығымыз. Сондықтан бұл іске ат үсті қарауға болмайды. Биылғы жылы осы шараны жаңа деңгейге өткізуге келісім беріп, қолға алып отырған «Бауыржан» қайырымдылық қорына рахметімізді айтамыз, – деді.  

Өз кезегінде «Дарабоз» конкурсының бастамашысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, балалар жазушысы Шәкен Күмісбайұлы конкурстың әділ өтетін  айтып өтті. Бүгінге дейін  авторлар шығармаларды жасырын атпен жіберіп келген болса, биылдан бастап ашық конкурсқа айналатын болады. 

– Өз басым конкурстың екі тілде өтетінін қолдаймын, – деді спикер, қоғам қайраткері София Раева. – Елбасымыз айтқандай ең бастысы бірлік! Өз тәжірибемнен белгілі болғандай, біздің қоғамда орыс тілді оқырман балалар мен орыс тілді жазушылар жеткілікті. Қолдау болса, болашақта  қазақ салт дәстүрін, ғұрпын жалпақ жұртқа танытатын шығармалар көптеп дүниеге келеді деп сенеміз.    
Сонымен қатар, қоғам қайраткері  өмір туралы, отанға сүйіспеншілік туралы  кітаптардың аздығын айта келіп, – Жазушы деген қысқа мерзімде ақшаға жасап шығаруға болатын әртіс не әнші емес, олар тума талант, сондықтан жазушыларды бағалай білу керек, – деді.  
Баспасөз конференция барысында мәлім болғанындай, биылғы конкурстың жеңімпаздарына тағайындалатын жүлде қоры төмендегідей:

1. Гран при (біреу) 1 000 000 тг + кітап шығару үшін Баспамен келісім-шарт
2. 1 орын (екеу)  700 000 тг + кітап шығару үшін Баспамен келісім- шарт 
3. 2  орын (екеу) 300 000 тг + кітап шығару үшін Баспамен келісім- шарт
4. 3 орын (екеу) 200 000 тг + кітап шығару үшін Баспамен келісім- шарт
5. Балалар әдебиетін дамытуға қосқан үлесі үшін (біреу)


Безымян.png


«ДАРАБОЗ- 2015» 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР ЖАЗУШЫЛАРЫ КОНКУРСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ


ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ

«Дарабоз» халықаралық балалар жазушылары конкурсы  (ары қарай – Конкурс)  2015 жылдың 20 сәуір мен  20 мамыр аралығында өтеді.

МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

1. Жас жазушылар мен балалар жазушыларын танымал ету;
2. Өскелең ұрпақтың әдебиетке деген сүйіспеншілігін ояту, қазақ балалар әдебиетіне қолдау көрсету;
3.  Балалар жазушыларының беделін көтеру және балалар әдебиетінің дамыту  

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Ұйымдастыру комитеті құрамына конкурстың құрылтайшылары, серіктестері мен демеушілері, қызығушылық танытқан ұйым өкілдері. 

Премияның ұйымдастыру комитеті конкурсты және жеңімпаздарды марапаттау салтанаты кешін ұйымдастырады.
 Ұйымдастыру комитеті конкурсқа жіберілген шығармаларға пікісарап жасамайды, авторларына қайтармайды. Сонымен қатар, ұйымдастыру комитеті конкурсқа ұсынылған шығармалараға байланысты авторлармен пікір алмаспайды. 
Ұйымдастыру комитеті мен әділқазы алқасының мүшелері конкурсқа қатыса алмайды.  
Ұйымдастыру комитеті www.daraboz.org.  www.baurzhan.kz және www.zhersu.kz сайттарының оқырмандары тарапынан жоғары баға алған шығарма авторларына хабарлап, марапаттау кешіне шақырады.  

КОНКУРСТЫҢ БАС ДЕМЕУШІСІ 

«ZHERSU» корпорациясы

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР, СЕРІКТЕСТЕР 

«Бауыржан» қоры
Қазақстан Жазушылар одағы 
«Дәуір»,  «Атамұра», «АлматыКітап» баспа үйлері

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ РЕТІ

Жеңімпаздар  әділқазы алқаларының дауыс беруімен анықталады. Әділқазылар отырысы 25 мамыр күні өтеді. 

Әділқазы алқаларынан ең көп дауыс жинаған автор, конкурс жеңімпазы болып танылады, яғни гран-при жүлдегері. Жеңімпаздан төмен, бірақ басқа конкурсанттардан жоғары дауыс жинаған Автор 1, 2, 3 орындарды иеленеді (орындар мемлекеттік жән орыс тілінде бөлек- бөлек тағайындалады). 

Дауыс беру қорытындысы қатысушыларды ресми түрде марапаттау кешіне дейін жарияланбайды.   

Ұйымдастыру комитеті қатысушылармен пікір алмаспайды және жаряланған шешім соңғысы болып есептеледі. 

Премия жеңімпаздарына дипломдарды, ақшалай жүлдерлері Алматы қ. 2015 ж. 1 маусымда өткізілетін премия қатысушыларын марапаттау салтанатты кешінде табыстайтын болады. 

Қонкурс жеңімпаздарын марапаттау салтанатты кеші өтетін орынға жету шығындарын конкурсқа қатысушы өз мойынына алады. 
Барлық шығармалар www.daraboz.org.  сайтында жарияланады. 

ПРЕМИЯҒА ҚАТЫСУШЫЛАР 

Премия үміткерлері 6-80 жас аралығындағы кез келген қатысушы бола алады.

Премияға шығармаларды тек қана оның авторы / авторласы ғана жолдай алады. Анонимдік шығармалар, шынайы (паспорт бойынша) аты көрсетілмей,  бүркеншік атпен, үшінші жақпен жолданған шығармалара қабылданбайды.

Шығармалар қазақ не орыс тілдерінде жазылған болуы тиіс.

Әр қатысушы конкурстың бір жанры бойынша 3 шығармаға дейін жібере алады.

Конкурсқа алдыңғы жылдары жіберілген шығармалар қайта қатыстырылмайды және қаралмайды. Сонымен қатар, факс арқылы, қолмен жазылған шығармалар және   2015 жылғы конкурс шартында көрсетілмеген жанрда жазылған шығармалар қарастырылмайды және қатыстырылмайды. 

Ұйымдастыру комитетінің мүшелері конкурсқа қатыстырылмайды.

ЖАНРЛАР

Проза, поэзия, әңгімелер (ертегілер) 

ЖҰМЫСТАРДЫ ҰСЫНУ ТӘРТІБІ

Жұмыстарды конкурсқа ұсыну ұйымдастыру комитетінің info@daraboz.org электронды адресіне хат жолдау арқылы жүзеге асады. 

Өтініш қабылдау кезеңі 2015 жылдың 20 сәуір мен 20 мамыр аралығын құрайды. 

ҰСЫНЫЛАТЫН ШЫҒАРМАЛАРАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Конкурстың мәні қазақ және орыс тілінде жазылған, конкурс талаптарына сай жеке әдеби шығармашылық жұмыстар болып табылады. 

Конкурсқа қатыстырылатын шығармалар 2015 жылдың 20 сәуір мен 20 мамыр аралығында қабылданады. 

Конкурсқа қатысу үшін анкетаны (қосымша құжат) толтырып, оған талаптарға сай ресімделген шығармашылық жұмысты тіркеп жіберу керек.  

Қатысушылардың жеке мәліметтері құпия болып саналғандықтан, үшінші жаққа берілмейді. 
 
ЖҰМЫСТАРДЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ ҰСЫНУ ҮШІН ӨҢДЕУ ТАЛАПТАРЫ

шығармалар электорнды түрде *.doc, *.docx (файл форматы - Microsoft Word немесе RTF, шрифті Times New Roman немесе Arial Cyrillic,  шрифт көлемі 12, жол аралық интервал 1,5) болуы тиіс.
бет жиектері: сол жағы 3 см, жоғарғы және төменгі жағы 2 см, оң жағы 1,5 см;
конкурстық жұмыс көлемі аралықты қосқанда 20 000 белгіден аспауы тиіс (А4 форматындағы 12 беттен аспауы тиіс).
ЖҰМЫСТАР КЕЛЕСІДЕЙ ӨЛШЕМДЕР БОЙЫНША БАҒАЛАНАДЫ: 
қазақ салты, мәдениеті мен тұрмысының толық ашылуы;
жанрға сәйкестігі;
стильдің тыңғылықтығы;
шығарманың тәрбиелік немесе патриоттық мағыналылығы;
шығарма сюжетінің Қазақстанмен немесе қазақ мәдениетімен ұштасуы. 

Әдеби шығармаларды қарау барысында олардың әдеби-көркемдік құндылығы, мазмұнның бірізділігі, жазба тілінің айқындылығы мен образдылығы есепке алынады. 

ПРЕМИЯ НОМИНАЦИЯЛАРЫ

1. Гран при (біреу) - 1 000 000 тг + кітап шығару үшін Баспамен келісім-шарт
2. 1 орын (екеу) - 700 000 тг + кітап шығару үшін Баспамен келісім- шарт 
3. 2  орын (екеу) - 300 000 тг + кітап шығару үшін Баспамен келісім- шарт
4. 3 орын (екеу) - 200 000 тг + кітап шығару үшін Баспамен келісім- шарт
5. БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН (біреу)

ШЫҒАРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Автор, өз шығармаларын конкурсқа жолдай отырып, ұйымдастыру комитеті мен әділқазы алқаларының шешуімен шығармалардың Қазақстан Республикасының кез келген қаласында жариялануына тосқауыл бола алмайды, әрі авторлық гонорар талап ете алмайды.  
Ұйымдастыру комитетінің байланыс құралдары : 

Электронды адрес:  info@daraboz.org        Телефон:  8 (727) 3 15 15 11

ҚОСЫМША БЕТ 

1. Тегі, аты, әкесінің аты  (паспорт бойынша):_________________________________
2. Жасы, тұрғылықты мекен жайы: __________________________________________
3. Негізгі басылымдарға нұсқау көрсетіле отырып жазылған қысқаша шығармашылық биографиясы: __________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
4. Кез келген қосымша ақпарат (тек қана ұйымдастыру комитетіне қолжетімді): ______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
5. Байланыс телефоны, мекен-жайы, e-mail (тек қана ұйымдастыру комитетіне қолжетімді): ______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)


Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар