Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
«КӨКТЕМ БҮРЛЕРІ» ЖЫР МҮШАЙРАСЫ

24.04.2015 197

«КӨКТЕМ БҮРЛЕРІ» ЖЫР МҮШАЙРАСЫ

      Безымянный.png                                                                   Iqhm0d4GFJQnoO526qgyGr6lqrjrf4.gif


«ТАМШЫ» ҒЫЛЫМ     

                                  ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ҚОРЫ                                  

                     ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ  

                    ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



«КӨКТЕМ БҮРЛЕРІ» ЖЫР МҮШАЙРАСЫ


Поэзия – адам жанына ізгілік ұялатып, жылу сыйлайтын жан азығы. Қоғам мен ұрпақ тәрбиесінде өлең сөздің қызметі айрықша.

Көктем – адамның жан дүниесіне ерекше әсер ететін, жаңалықтар әкеліп, шығармашылық шабыттың шарықтайтын шағы. Ақындардың көктемді жиі жырлайтыны, әр көктемнің ақын танымына, сезім иірімдеріне ерекше әсер ететіні белгілі. Сол жырлар арқылы өлең сүйер, өнер сүйер қауым да ғажайып күйге бөленеді. Әр жыл сайын көктем мезгілінде жас ақындардың басын қосып, олардың шабыттарына дем беріп, қолдау көрсететін әдеби жиын, мүшайралардың өтуі маңызды. Мүшайраның өтуі өлең өлкесінде жүрген жастардың жаңа мүмкіндіктерін ашып, туындыларының жыр сүйер қауымға жол табуына әсер етеді. 

Мақсаты мен міндеттері:
  • Әдеби үрдісте дарынды жас ақындардың жарқырап көрінуіне жол ашу.
  • Шығармаларының танылып, оқырманға жетуіне қолдау көрсету. 
  • Жас ақындардың ішкі мүмкіндіктерін ашып, шабыттарына қанат бітіру. 
  • Сол арқылы руханиаттың маңызды саласы болып есептелетін әдебиет әлемінің жас буын, жаңа есімдермен толығуына үлес қосу. 
  • Жас таланттар мен оқырмандардың, әдебиеттегі аға буын мен жас толқынның пікірлес орта табуына арқау болу;


Бас жүлде - 200 000 теңге
Бірінші орын - 150 000 теңге
Екінші орын - 100 000 теңге (екі жүлде)
Үшінші орын - 50 000 теңге (үш жүлде)
Ынталандыру сыйлығы - 20 000 теңге (бес сыйлық)

Мүшайраға қатысу шарттары

I. Мүшайраға әр автордан 4 өлең қабылданады:
  1. 2 өлең көктем, махаббат тақырыбындағы жырлар болуы тиіс;
  2. Келесі 2 өлең кез келген тақырыптағы ақынның мүмкіндігін көрсететін туынды болуы шарт;
- Мүшайраға 30 жасқа дейінгі жас ақындар қатыса алады;
- Ұсынылтын шығармалардың жалпы көлемі 5 беттен аспауы керек;

Мүшайраға қатысушы әр авторға ұйымдастырушылар тарапынан реттік сан қойылып, қазылар алқасына тек автор есімі белгісіз шығармалар ғана ұсынылады.

Сайысқа түсетін шығармаларға қойылатын талаптар:

  • Шығармалар 2015 жылдың 15 мамырына дейін қабылданады;
  • Шығармалар тек электронды түрде ғана қабылданады;
  • Шығарма мәтінінің электронды нұсқасы /міндетті/ мына мекен жайға жіберілуі тиіс: tamshykz@gmail.com;
  • Сайысқа барлық шарттарға сай (техникалық, мазмұндық, т.б.) әзірленген шығармалар ғана қабылданады;
  • Сайысқа қатысатын шығарма бұрын еш жерде жарияланбаған болуы тиіс;
  • Тек қазақ тіліндегі шығармалар ғана қабылданады;
  • Барлық шығармаларда жазылған мерзімі көрсетілуі тиіс;

Қосымша талаптар:

- қатысушының аты-жөні;
- тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі, электронды адресі, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпарат;
- Жазылу қаріпі: Times New Roman, 14 pt.
- шығарма мәтіні тек бір рет қана қабылданады, қабылданған шығарма мәтінін қайта түзетуге рұқсат етілмейді;
- Шығармалардың барлық авторлық құқығы сақталады.

Жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде ұлт зиялыларының қатысуымен өтеді. Марапаттау рәсімі туралы толыққанды  ақпарат қатысушылардың жеке почтасына жіберіледі, БАҚ жарияланады.

аdebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға. жазылыңыздар!

Теги: РУХ
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар

Ең көп талқыланғандар