Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Сәбит Досанов – «Золотая осень» сыйлығының иегері

19.03.2015 181

Сәбит Досанов – «Золотая осень» сыйлығының иегері

sabit_dosanov.jpg
ҚР Мемлекеттік және М.Шолохов атындағы  Халықаралық сыйлықтардың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Әдебиет академиясының академигі Сәбит Досановтың 75 жасқа толуына орай Ресей Жазушылар одағы және «Қазақ тілі», «Мұрагер» қоғамдық ұйымдары ұйымдастырған жазушының шығармашылық кеші Ресей Федерациясының Бейбітшілік және келісім сарайында өтті.
Кеште сөз сөйлеген сөйлеген әлемге әйгілі сыншы, академик Феликс Кузнецов, Ресей Жазушылар одағының бірінші хатшысы, көрнекті ақын Геннадий Иванов, көрнекті тарихшы, әдебиетші Валентин Осипов, Тәжікстанның  халық жазушысы Шавқат Ниязи,  белгілі жазушы, Ресей баспасөз клубының президенті Валерий Поволяев, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, генерал-лейтенант Сергей Соколов, Ресейдегі Қазақстан елшісінің бірінші орынбасары Виктор Темірбаев және басқа да шешендер есімі мен еңбегі алыс, жақын шет елдерге кеңінен таныс Сәбит Досанов шығармашылығының  әдеби кеңістікті кеңейтіп, халықтар достығына, бейбітшілік пен келісім идеяларына қызмет етіп отырғанын ерекше атап өтті.
Кеште Сәбит Досановқа  Сергей Есенин атындағы «Золотая осень» сыйлығының дипломы мен ордені табысталып, Василий Шукшин медалімен марапатталды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жазушыны Мәскеудегі шығармашылық кешімен құттықтаған жеделхаты оқылды.
Сәбит Досановтың Мәскеуде өткен шығармашылық кешіне генерал-полковник, Ресей Жазушылар одағының мүшесі Юрий Ефимов, аса көрнекті ақын Леонид Монастырский, белгілі армян әдебиетшісі Станислав Оганян, Халықтар достығы университетінің проректоры, профессор Нұр Қирабаев, «Московский литератор» газетінің бас редакторы Иван Голубничий, Ресей мен Қазақстан және Қырғызстанның елге танымал көрнекті тұлғалары қатысты.

adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)


Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар