Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
"Шабыттың" Гран-при иегерінің тұңғыш жыр жинағы шықты

11.03.2015 351

"Шабыттың" Гран-при иегерінің тұңғыш жыр жинағы шықты

Қостанайдағы Л.Толстой атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында ақын, Халықаралық Шабыт шығармашыл жастар фестивалінің Гран-При иегері Абылай Маудановтың «Көкалатым - киелім» кітабының тұсаукесер кеші өтті. Ақынның «Сары дәптер» деп аталатын тұңғыш жыр жинағының  тұсаукесер рәсіміне Тобыл өңіріндегі зиялы қауым өкілдері түгел жиналды.

    Абош4.JPG

Абылай Мауданов – Жанкелдин ауданының Көкалат елді мекенінде туып-өскен. Кезінде «Еңбек» кеңшары атанған шағын ғана ауылдан  Назарбек Бектемісов, Төлен Әбдікұлы, Қоғабай Сәрсекеев, Қойшығара Салғарин, Қонысбай Әбілев сияқты  есімдері елімізге кеңінен мәлім ақын-жазушылар шыққан.  Міне, осындай киелі топырақта кіндік қаны тамған Абылайдың да ақын болмауы мүмкін емес-ті.
Ақынның шығармашылық кешінің шымылдығы  шағын деректі фильммен түрілді. Онда ақын туып-өскен Торғай даласының қасиеті бейнеленеді. Деректі фильмнің өн бойында ақын Нұрқанат Құлабаев шәкіртінің лирикалық шеберлігін жоғары бағаласа, әріптесі Мағауия Қалиев оның еңбекқорлығын алға тартты. 
Отыз жасында-ақ орда бұзған Абылай ақынның облыстағы өнерлі азаматтармен шығармашылық байланысын оны құттықтауға келген қонақтардың ілтипатынан байқадық. 
Абош3.jpgҚазақстан Жазушылар одағы Қостанай филиалының директоры Ғ.Ахметчин мен кітапты басып шығарған «Қарлығаш» баспасының директоры Ә.Әмір «Сары дәптердің» тұсауын кесті.  Кеште жергілікті қаламгерлер Серікбай Оспанов, Нағашыбай Мұқатов, Ақылбек Шаяхмет, Әсия Беркенова, Әлфия Орманшина, композитор Бақытжан Сәуекенов, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Қалмақов   және бір топ театр әртістері ақынға жүрек жарды лебіздерін арнап, өлең-жырдың тиегін ағытты. Ақынның ата-анасы Фазылхан әкей мен Биғайша анамыз да тереңнен толғады. Белгілі ақын Нағашыбай Мұқатов кешті поэзия мерекесіне балады. Оның да өзіндік себебі жоқ емес. Жоғарыда айтқан театр әртістері А.Мауданов өлеңдерін нәшініне келтіріп орындап берді. 
Бұған дейін әлеуметтік желілерде жазылғандай «Сары дәптерге» Абылайдың өлең-жырларымен қатар сатира жанрындағы, сықақ, пародия, шарж жанрында жазған туындылары кірген. Соның бірі «Агая» мен «Ағай-ай» атты сықақ әңгімесін  І.Омаров атындағы қазақ драма театрының белді әртісі Нұрлыбек Кенжеахметов оқып, жұртты күлкіге кенелтті. 
Абылай Мауданов әнге мәтін жазатындығын бірі білсе, бірі білмейді. Қазіргі таңда қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төрәлі орындайтын «Тотыдайын» әнінің сөзін жазған да Абылай ақын. Осы кеште ақынның досы, домбырашы Абзал Алпысов «Әуелі мадақ Аллаға» атты Абылайдың термесін орындады. 
Кеш соңында автор көпшілікке «Сары дәптерін» сыйға тартты.
 
Қасқырбай Қойшыманов

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар