Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Қарақат Әбілдинадан дәл мұндайды күтпеген едік...

22.02.2017 50186

Қарақат Әбілдинадан дәл мұндайды күтпеген едік...

Facebook әлеуметтік желісіне Нұртас Жұма Бек атты қолданушы салған видео қызу талқыланып, жұрттың наразылығын тудырып жатыр. Қолданушы былай деп жазады:

Сауатсыздықты жалпылаған жаяудан көрген бір басқа, ел алдында жүрген бүгінгінің аспандағы жұлдыздардан жарығын артығырақ көретін жұлдызсымақтарымыз не айтып, не қойғанын өздері аңдамай қала ма қайдам.?!


Төмендегі бейнероликтегі Алтынбек Қоразбаевтың: «Елге сәлем» әнін шырқап тұрған Қарақат Әбілдина салған жерден сандырақтап тұр. Былай дейді:

«Інісі кімнің бар болса,
Етегі ерте түрілер...»

Не деген сорақылық (етегі ерте түрілген, етегі ерте көтерілген) деген сөзді қай жерде қай мағынада айтыларын, қолданылатынын білмегені ме сонда?!


Негізгі Әбдірахман Асылбеков ағамыз жазған дұрыс нұсқасы былай еді.

Армысың, балғын iнiлер,
Ағалап алдан жүгiрер.
Iнiсi кiмнiң бар болса,
Өнерi өрлеп, iрiлер.
Армысың, қарындастарым,
Ақ тамақ қарлығаштарым.
Сағынып келдiм сендердi,
Дарынды жалын жастарым.

Продюсер Қыдекең (Қыдырәлі Болманов) неге аңғармады екен… Сіздер не дейсіздер...

(2-минуттан қараңыз)

(Бұны да 2-минуттан қараңыз)

(мұнда да сол маңайда)

Ал бұл видеоны 2:20-минуттан бастап қарасаңыздар болады.

P.S. Өздеріңіз байқаған боларсыздар, жоғарыдағы видеоларда белгілі әнші, термеші Алма Аманжолова ғана әннің сөздерін дұрыс айтып тұр. Ал жоғарғы үшеуі адамның аузы бармайтын сөздерді қайдан алғаны белгісіз. Бәлкім, Қарақаттың әсері болуы мүмкін. Өйткені оның танымалдығының салдарынан, жасөспірім балалардың өзі әннің сөзін бұзып, ұятты нәрселерді айтып жүр. Осыдан түсінетініміз, ел алдында жүрген әншілер әннің сөзіне өте байыппен, саналылықпен қарамаса, өзінен кейінгілерді де адастыратыны айдан анық.

adebiportal.kz

(видеоматериалдар www.youtube.com желісінен алынды)

Теги: Әбілдина, Қарақат
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар