Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!
Абай Құнанбаев
Басты бет
Әдеби үдеріс
Еуразия Ұлттық университетінде қаламгерге құрмет көрсетілді

21.04.2017 443

Еуразия Ұлттық университетінде қаламгерге құрмет көрсетілді

Биыл қабырғалы қаламгер, дарынды драматург Жолтай Жұмат-Әлмашұлының 60 жылдық мерейтойы. Жазушының торқалы тойы туған жері – Жаңақорған ауданында дүбірлетіп аталып өткен болатын. Жерлестері оған ат мінгізіп, шапан жауып, қошаметтерін аяған жоқ. Енді, міне, қаламгердің өзі тығыз байланыс орнатқан оқу ордасы – Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультеті де лайықты құрметін көрсетіп, сый-сияпатын жасады.

Әдеби кешке зиялы қауым өкілдері, депутаттар мен жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Кеш барысында Үкімет басшысының және Премьер-министр кеңсесі басшылығының құттықтау хаттары оқылып, сый-сияпаттары тарту етілді. Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрінің, Білім және ғылым министрінің құттықтау хаттары табыс етіліп, шапан жабылды.

Оқу ордасының проректоры, белгілі алаштанушы ғалым, профессор Дихан Қамзабекұлы жазушының қазақ әдебиетіне, драматургияның дамуына қосқан үлесін айта келіп, университеттің қоғамдық өміріне құлшына араласып жүретін қаламгерге алғысын айтты. Сондай-ақ, университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті жастарды рухани құндылықтармен тәрбиелеуге қосқан ерен еңбегі үшін» берілетін «Күлтегін» медалін Әлмашұлының кеудесіне тағып берді. Айта кетейік, бұл медаль оқу ордасының ең жағыры марапаттарының бірі.

Кеш барысында жазушының өмір жолындағы достары, қаламдас замандастары елеулі естеліктерімен бөлісіп, жиналған қауымға ерекше әсер сыйлады. Аталмыш факультеттің студенттері драматургтің қаламынан шыққан туындыларды сахналап, прозалық шығармаларынан үзінділер оқып, ән айтып, күй тартты.

Adebiportal.kz

Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар

Ең көп талқыланғандар