Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ПОЭЗИЯ
Оспан Ісләмұлы: Елімді ерім саған тапсырамын...

29.04.2017 5907

Оспан Ісләмұлы: Елімді ерім саған тапсырамын

Оспан Ісләмұлы: Елімді ерім саған тапсырамын - adebiportal.kz

Бүгін Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық күресінің Бас қолбасшысы, қаһарманы, қазақтың боздағы Оспан Ісләмұлының милитаристік қызыл қытай билігі қолынан өлім жазасына үкім етіліп, Үрімжіде (Дихуада) атылған күні. Осыған орай, белгілі ақын Жәркен Бөдешұлының «Опанды қазір атады» атты өлеңін назарларыңызға ұсынамыз.

(Суретті салған Дастан Қаламхан)

Бөрідей шулы атағы,
Оспанды қазір атады.
Көріңдер, әне, келеді ол,
Ешкіммен жоқтай шатағы.


Түнерген түнек түс-өңі,
Шойындай қара кісі еді.
Қолында – көзір, аяқта –
Білеудей темір кісені:
“Рұқсат болса, ағайын,
Дәретімді алайын.
Дұғамды оқып соңғы рет,
Құбыла жаққа қарайын...”


Оқ тиді. Оспан құлады,
Шулады елдің құлағы.
Анадай жерге кетті ұшып,
Алтайы пұшпақ тымағы.


Жолбарыс сынды ақырғы,
Басы бар батыр атылды.
Басы жоқ тобыр селк етіп,
Қарасын құмға батырды.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар