Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Оңайгүл Тұржан: "Әдебиет порталы - әдебиет әлемінің өзіндік ақпараттық айнасы"

25.12.2016 309

Оңайгүл Тұржан: "Әдебиет порталы - әдебиет әлемінің өзіндік ақпараттық айнасы"

turzhan.jpg

Әдебиет порталы осы 3 жылдың ішінде әдебиет сүйер қауымды қаламгерлердің жаңа туындыларымен таныстырып, әдеби ортадағы жаңалықтарды жариялап, әдебиет әлемінің өзіндік ақпараттық айнасына айналды. Қаламгер үшін өз туындыларының – жаңасы болсын, бұрынғы жазылғандары болсын – оқырмандарға уақытылы жетіп, ол туралы оқырмандар пікірінің айтылып жатқаны – үлкен мәртебе. Әдебиет порталы өзіне осындай миссияны алып, оны үлкен жауапкершілікпен атқарып келеді. Қазіргі нарық заманында оқырман мен қаламгердің арасының үзілмеуіне барынша мүмкіндік жасауда. Сол арқылы әр қаламгер өзін үнемі өз оқырмандарының ортасында жүргендей сезінеді. Бұл шығармашылық адамы үшін ең үлкен қажеттілік.

Порталдың қызметіне жеміс тілеймін. Оқырмандарың көп болып, заман талабына сай атқаратын қызметтерің ел игілігіне айнала берсін.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар!


Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар