Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Портал - жаңашылдықтың жаршысы (Ақын Сұраған Рахметұлының құттықтауы)

25.12.2016 400

Портал - жаңашылдықтың жаршысы (Ақын Сұраған Рахметұлының құттықтауы)

СУРАГАН.jpg

Бүгінгі қазақ рухани әлемнің ең ұштасар жері – «Әдебиет порталы». Көп қырағы оқырманы бар, беделді салымшылары бар, түгел қалыптасқан осы киелі мінбер үш жасқа толыпты. Бергісі – үш ғасырға, арғысы – ұшы-қиырсыз алға кете беретін уақыт сызығы ұласа берері күмәнсіз. Азия кеңістігіне қарай жол шеккен үрдіссіз үдерістерді кіл шеберлер басқарады.

Тұтас бір ой майдан шеруіне өзгешелер мен өңшеңдерді ұйыстырып өткенді түгендеп, өшкенді жаңғыртып келер шақты бағындыру мақсатын тағы қосайық. Аңызынан аяқ алып жүргісіз, маңызы аса зор құндылығы құрсағынан өрбитін, құпиялы өр түземдіктердің ендігі «ойын алаңы» осыдан басталады. Басқаны қайталамайтын тектілігі болса да, өзгенің жүлге жолына түсе жортуды «жек көрмейтін» кеңестік кендір ноқтадан жуырда ғана бостан болған біз үшін бұл қайта серпілуге мүмкіндік, Тәңірдің һәм оны берген ұлы Тәуелсіздіктің сыйы. Енді бізге паназияизм кеңістігі керек. «Әдебиет порталы» сол кеңістікке жетудің сүрлеу сорабы. Біз әдеби алаңда жасанды өмір жасаудың қисапсыз соқпағына жолықтық, зардабын да тартып келеміз. Шынайы бет-бейнеміз бен күллі тарихи ғұмырымыз бүркеулі шырт ұйқыда жатыр. Тек қазақтарға ғана тән емес, бүкіл түркі тектес түземдіктердің дүниетанымы, жады ерекшелігі, психологиялық, философиялық жағын ашып беруіміз тура. Біреудің «вакууміне» малтығып, шатасқанша, өз кеңістігіңді әлемге ұсынудан өзге шара жоқ.

Себебі, біз түп текті түгел ұлтпыз. Кеңістігіміз ерекшелігімізде. Қазақта киіз үйдің шеңберлі «мөрін» «жұрт» деп атайды. Демек, қазақта ұлттық «мөр» бар. Ішкі көркемдігі, сұлу сипаты «меңі» бар бізге шекпен мен күпі тігіп отыратын уақыт кем. Бөгденің үлгісі ұлттың «менін» біржола жоятынын бір кісідей көрдік. Қазақтың азиялық жозатағы «Әдебиет порталы» мың жаса!


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)


Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар