Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Халтураға бармайтын бір ғана өнер түрі - театр!

21.12.2016 415

Халтураға бармайтын бір ғана өнер түрі - театр!


unnamed.jpg
«...ТЕАТРҒА ТАБАН ТІРЕЙТІН КЕЗ БЕ?» Осы жайынан өзім де көптен бері ойлап жүруші ем, қайта-қайта қиялыма қонақтатып, сөз арнаймын ба деп қиялдап та қоятынмын. Бірақ, неге екені белгісіз, бәрі де тым ұзап кеткен-ді. Бұған қайтадан ойтүрткі болған – тағы да Сөз мырза! Ол айтты: «Сен маған ренжіме, не айтсам да турасына көшкенді қолай көрем, бүгінгі өнер атаулының қай-қайсысы да табиғилығын жоғалтып алды. Кино – өтірік оқиға-көріністерді тықпалап, қолдан қоюлатып, сонымен бүкіл елді сендіргісі келеді, актер оңайлықпен өлмейді, бейне жеті жанды жаратылыс іспетті! Кітап болмағанды болдырып, жоқты бар етіп, өтірік «ертегі» айтып, оқырманын өзінен алшақтап алды. Енді тарихи жазба тұрмақ, көркем жазбаларыңды да оқырман сүйсіне оқи бермейді. Сыни жазбалар – жалтақ, өтірік мақтауға, жалпылдақ мінезге әбден бой үйретті! Сосын да ешбір адам сыни жазбаларды әділдік сөзі деп қабылдай алмайды, тіпті қабылдау былай тұрсын, көз тоқтатып, көңіл аударуға да сүлесоқ! Тап осы тұста не айтса да, нені көрсетсе де көзбояушылыққа (халтураға) бара алмайтын, баруға мүмкіндігі жоқ бір ғана өнер түрі қалғандай, ол – театр!» 

Үнсіз бас изедім. Іштей қостадым. Өзімді көптен толқытып жүрген жайтты тілге тиек еткеніне риза едім. О-о, ойлы замандас, бүгінгі өмір шындығын сол қалпында, таза күйінде, боямасыз көрем десең, алдымен театрға бар! (Әрине, «жасық» туындыны емес, нағыз талантты қойылымды тамашала!) Айтайын дегенім – қазіргі кезде расымен-ақ қалың жұртшылыққа табиғи қалпында, еш боямасыз ойлы спектакльдер ұсына алатын, ұсынуға тиіс драма театрларының заманы келді білем! Демек, бос, болбыр, дәмсіз, маңызсыз нәрсені төпелеп қойып, сахналауды да доғару ләзім! Ондай көзбояушылық театрға жараспайды, абырой бермейді, мәртебесін өсірмейді! Сен шындықты айт, әділдікті ту ет, көптің ойындағыны қозға, өтірікке қасқайып қарсы тұр, ТЕАТР! Сен парасатқа жүгін, уақытқа үндес, сезімді сілкіле, жақсылыққа жетеле, ТЕАТР! Заман да, уақыт та, барша адамдар да сенен соны күтеді! Ал, олай ете алмасаң, онда Театр болып өмір сүруге еш хақы жоқ! Өйткені, сенде өтірік пен көзбояушылыққа жол жоқ, нені айтып, нені көрсетсең де - бәрі мәртебелі Көрерменнің көз алдында өтетінін ұмытпа! Көрерменнің көңілі ақсарайыңнан асқақтап емес, «су сепкендей басылып» шықса, сенің де дәуренің өткені деп білгейсің! Сөз мырза маған осындай ой салды, соны тізбелеп айтып жатқаным еді бұл! Туыңды өз қолыңмен жыға көрме, ұлы мәртебелі ТЕАТР! («ССС»)

Жолтай Әлмашұлы



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)


Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар