Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ІІМ оқушылармен бірлесіп «Тәуелсіздікке тарту» атты мерекелік іс-шара өткізді

14.12.2016 609

ІІМ оқушылармен бірлесіп «Тәуелсіздікке тарту» атты мерекелік іс-шара өткізді


«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің идеологиялық және тәрбие жұмысын жетілдіру бойынша 2016 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» ІІМ-нің 2016 жылғы 30 сәуірдегі № 460 бұйрығына сәйкес Астана қаласы МКҚБ жеке құрамымен идеологиялық және тәрбие жұмысын ұйымдастыру, жоғары деңгейдегі тарихи сананы қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай ағымдағы жылғы 13 желтоқсан күні Астана қаласының № 73 мектеп-лицейімен бірлесе отырып «Тәуелсіздікке тарту» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Осы іс-шараға қонақ ретінде Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, актер, режиссер Төкенов Берікхан Рахымжанұлы, «DALA HOUS» ұлттық компаниясының директоры Сырымбек Төлеу, сондай-ақ халықаралық «Шабыт» фестивалінің гран-при және Президент Кубогының иегері, ақын, «Астана» радиосының журналисі Ербол Алшынбай арнайы шақыртылды. 


15571093_1807645162842719_1452528082_n.jpg


Іс-шарада мектеп директоры Сафура Сейдуалиқызы қонақтарға алғысын білдіріп, ел Тәуелсіздігімен құттықтады. Мектептің «Заңғар» театры үйірмесі ұйымдастырған «Алаштың Әлиханы» атты қойылымды тамашалауға шақырды. Берікхан Рахымжанұлы Тәуелсіздіктің қадірін біліп, тарихқа терең бойлауға үндеді. Сөз алған Ербол Алшынбай өзінің Алаш туралы өлеңін оқып берді. Шара барысында полиция лейтенанты Бекмұрат Өмірбекке «DALA HOUS» ұлттық компаниясының директоры Төлеу Сырымбек Алғыс хат табыстады. 


15497469_1807645779509324_1112555805_n.jpg


Сонымен қатар, мерекелік шараға үлес қосқаны үшін мектеп театры үйірмесі Астана қаласы МКҚБ-ның дипломымен марапатталды. «Алаштың Әлиханы» спектаклінде Алаш қайраткерлерін сомдаған оқушылардың өнеріне полиция қызметкерлері, қонақтар зор әсер алды. Қойылымнан кейін көрермендер полицейлердің өнеріне тәнті болды. Полиция сержанты Нұрманов Бекжігіт Иман Жүсіптің термесін орындаса, полиция кіші сержанттары Ахмет Азат, Жолбарыс Есболат ән шырқады. Есіркеп Тағабек жүрекжарды өлеңін арнады. Мерекелік іс-шара 9-сынып оқушысы Табынбай Ернұрдың «Алға, Қазақстан» әнін орындаумен аяқталды.

Біздің Telegram-парақшамызға. жазылыңыздар!

Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар