Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ – ТІРЕГІМ» атты дөңгелек үстел

13.12.2016 1122

«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ – ТІРЕГІМ» атты дөңгелек үстел

афиша круглый стол (Копировать).jpg


2016 жылдың  желтоқсан айының 13-і күні  сағат 11.00-де «Астана» Ұлттық сурет галереясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМТІРЕГІМ» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел аясында Тәуелсіздік кезеңінде қалыптасқан 25 жас суретшінің  туындыларынан құралған көрме ұйымдастырылды.


DSC_0262.JPG

DSC_0243.JPG


Іс-шараның негізгі мақсатыіргелі еліміздің Тәуелсіздігін ұлықтау, Тәуелсіздік жылдары қалыптасқан дарынды жастардың шығармашылық өнерін насихаттау, жаңа есімдерді қалың жұртшылыққа таныстыру және елдің мәдени дамуына қомақты үлес қосатын жас өнерпаздардың бастамаларына қолдау көрсету, өскелең ұрпақ  бойына өнер мен мәдениетке құштарлық, азаматтық белсенділік, өз ойын өнер арқылы жеткізе білу сынды қасиеттерді сіңіруге атсалысу болды


DSC_0234.JPG


DSC_0195.JPG


Іс-шараға өнер және әдебиет салаларының белгілі тұлғалары қатысты. Қатысушылардың арасында:


DSC_0281.JPG


 жазушы, «Жас Алаш», «Жетісу», «Қазақ әдебиеті», «Анатілі» газеттерінде, «Таң-Шолпан» журналында, «Нүр-Астана» газетінде бас редакторының орынбасары лауазымында қызмет атқарды. Қазір «Мәдени мұра» журналының бас редакторы. Шығармалары (Жалғыз желкен. Әңгімелер. А., «Жалын», 1984; Теңіздей бір тамшы. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1986; Қулан жанарында-ғы ғұмыр. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1988; «Жизнь в глазахкулана». Повестер мен әңгімелер. А., «Балауса», 1992; «Жер сілкі иісі нен бір жұма бұрын». Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1996; Қателесесің, қымбаттым.... 2004. Елде жоқ ережелер. А., 2006; Жиделі тоғай дағы жеті күн. А., 2007; Сырдария сериясымен жарық көрген екі томдық шығармалар жинағы. 2008; Ән салуға әлі ерте. 2008) бірнеше тілге аударылған. «Жалын» баспасы жариялаған жабық бәйгенің бірнеше мәрте жүлдегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Республикалық «Астана-Бәйтерек» әдеби шығармалар бәйгесінің бас жүлдегері - Жиенбай Қуаныш (Жазушы Қуаныш ағамыз сол 18-21 тамыз айында 1991 жылғы Мәскеуде болған «Тамыз бүлігінде» («Августовский путч») болған оқиғаларды өз көзімен көргенін айтып өтті. Жалпы барша келген кісілерді келе жатқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі 25 жылдығымен құттықтады).  


DSC_0261.JPG


Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi «Қазақ ұлттық өнер университеті» мемлекеттiк мекемесiнiң бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, Суретшілер Одағының мүшесі Байқоңыр Ижанұлы, 


DSC_0315.JPG


Айман Мұқтарханқызы, Ерлан Бақтыбайұлы, Бейбіт Әсемқұл, Сырлыбек Бекботаев, Гүлмарал Тәтібекова, Ренат Елубаев, Айдос Есмағанбетов, Қайрат Жайырбекұлы, Өмірәлі Исмаилов, Наталья Легай, Жеңіс Молдабеков, Жанна Нүгербек, Гүлназым Өмірзаққызы және тағы да басқа қоғам қайраткерлері болды.


DSC_0251.JPG


Қонақтар назарына еліміздің жас әрі дарынды суретшілері бейнелеу өнерінің түрлі жанрындағы жұмыстарын ұсынды. Оларпейзаж, натюрморт, тарихи және тұрмыстық мәнердегі картиналар, мүсіндер мен қыш бұйымдары. Сонымен қатар заманауи стильде жасалған қолданбалы өнер: текемет, гобелен, ши, сырмақ және т.б. көптеген туындылар да көрмеден орын алды.  


DSC_0117.JPG


DSC_0289.JPG


DSC_0228.JPG


DSC_0222.JPG


DSC_0121.JPG


DSC_0132.JPG


DSC_0140.JPG


DSC_0144.JPG


DSC_0173.JPG


DSC_0159.JPG


DSC_0206.JPG


Ұсынылған жұмыстар ұлттық көріністерді қамтып, мәдениет пен ұлттық салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттайды деп сенеміз


DSC_0177.JPG


DSC_0180.JPG


DSC_0196.JPG


Дөңгелек үстел аясында еліміздің тәуелсіздігі кезінде мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері, шығармашылық жоспарлары туралы әңгіме болып, жас суретшілердің әлемге танымал музейлермен, галереялармен бірлесе жасаған жұмыстары талқыланды


DSC_0242.JPG


Жас суретшілер өз шығармашылықтарында ел тәуелсіздігінің басты тақырып болғанын баяндап, өз ойларын ортаға салды.   


DSC_0306.JPG


DSC_0303.JPG


DSC_0299.JPG


DSC_0298.JPG


DSC_0285.JPG


DSC_0271.JPG


adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар