Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Жанат Жаңқашұлы: Сыншыға да сыным бар

13.12.2016 419

Жанат Жаңқашұлы: Сыншыға да сыным бар


13062474_1019876554726086_1379293066145047318_n.jpg


Осыған дейін бұл сұрақтарға Ұларбек Дәлейұлы жауап берген болатын.


Қазақ қаламгерлерін шетелге өз деңгейінде таныта алмай жатырмыз. Әлеуметтік деңгейі төмен деген елдердің әдебиетшілері бұл сатыдан өтіп, Нобель сыйлығына ұсынылуда. Аударма саласына не жетіспейді?


Алмас қылыш қап түбінде жатпайды. Менің ойымша қазақ əдебиеті шет тіліне аударылмады деп қапалануға болмас. Əдебиет шынымен мықты болса мәңгілік болу керек. Осы мыңжылдықта қазақ əдебиеті бір аударылады. Мәселе, сол аударылған сәтте адамзатты таң қалдыра ала ма? Ал егер аударамын десе Абайдың "Қара сөздері" əлемді таң қалдыруға дайын. Қазір қолында күші бар, мүмкіндігі бар адамдар аударылып жатыр ғой. Əлемді елеңдеткен ешқайсы жоқ сияқты əзірге. Бұл менің пікірім.


Әдеби сын тоқырап қалды. Оның үстіне сын қабылдаудағы мәдениетіміз де анау айтқандай жоғары емес. Қайтпек керек?


Сыншы – жалтақ, қорқақ, саясаткер заманда сын туралы айтудың қажеті шамалы. Бүгін өзі сыншы деп кімді айтуға болады? Сыншыға да сыным бар. Бір ағам бар еді, сыншы ретінде мойындайтын. Ол адам да өз принціпін сатып, көрінгенді мақтай бастады. Сонымен "мынау мықты сыншы" дейтіндей сыншы жоқ қазір меніңше. Ақын болып өлең жазып, қолынан ол келмеген соң сыншы болып жүрген соғындылар ғана бар. Бұл да жеке пікірім.


Рулық, географиялық, ұжымдық айналада әдебиет жасау белең алып кетті. Әдебиет деген жалқының олжасы ғой. Осыны қалай тежесе болады?


Географиялық, рулық əдебиет – нағыз ақын мен жазушыда болмайды. Жақсы жазушы, жақсы ақын қашан да жалғыз. Елдің бəріне сүйікті, елдің бəріне сыйлы. Топтасып өмір сүру ортанқол қаламгерге жəне мүшəйра мен атақ қуған адамға ғана керек.




adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар