Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Ыбырайдың өсиеті» - сахнада

12.12.2016 826

«Ыбырайдың өсиеті» - сахнада


Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері үлкен игі істі абыроймен атқарып шықты. Олай дейтінім, институт ішінен құрылған студенттер театрын әртістері, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин туралы ақын, драматург Ақылбек Шаяхметтің "Ыбырайдың өсиеті" атты пьесасын сахналады. Студенттер кәсіби әртістерден кем емес екендігін байқатты. Қай-қайсысы өзіне жүктелген рөлді асқан сезімталдықпен ойнап шықты. Пьесаны тамашалауға институт басшылығы мен студенттері келді.

DSC_8718.JPG

Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектептің қалыптасуында өшпес із қалдырды. Ұлы ұстаз: "Мен ешқашан да сабақты бұзуға молдаларға жол бермеймін, ал миссионерлерге қазақ балаларын шоқындыруға жол бермеймін. Орысқа бодан болған қазақтардың жағдайы да оңып кете қойған жоқ. Ендігі амал орыспен соғысу, босқа қырылу емес, сол орысқа бағынышты болсақ та, қазақтың жастарын орыс оқуына үйрету, түрлі ғылымды, әскери өнерді меңгеру", – дейді.

DSC_8597.JPG

- «Бұл рөлде ойнау өте қиын болды. Себебі Ыбырай Алтынсаринді ең бірінші ойнауға ниеттенгенде Ислам дінін нақты ұстанған адам өзінің дініне берік екендігін білетінмін. Құраннан күш-қуат алатындығын сездім. Мен де осы рөлді сомдау барысында өзімді сол бетке бұрып, Құран қадірін жіті түсінуге тырыстым. Жүріс-тұрысымды дұрыстап, ел сыйлаған киелі адам болғаннан соң, ол кісінің кейпін сомдау еріккеннің ермегі емес екенін ұқтым. Осы қойылым барысында Ыбырай бабамыздың текті тұлға екенін біліп. өзімді мықтай түстім. Пенде Аллаға сенім артып, тәуекел етпесе барлық ісі ада екенін түсіндім. Екінші жағынан қойылымға қадірлі қонақтар келетін болғандықтан, сол кісілердің және жетекшіміздің алдында абырой керектігін де ойладым. Әрине, қойылым барысында қобалжу болды, шамалы сөзімізді ұмытып қалған кездерде мұқалмастан орнын толтырып жіберетіндей өн бойымда күш-қуат барын сездім. Сөйтіп өз қорқынышымды женіп жақсы сомдадым деп ойлаймын. Дайындықты екі ай көлемінде жүргіздік. Құдайға шүкір, халыққа ұнап жатқанын ыстық ықыласы мен қошеметтерінен сезілді», - дейді Ыбырай бамамыздың рөлін сомдаушы, жаратылыстану математика факультетінің кәсіптік оқыту мамандығының 3-курс студенті Думан Сайын.

DSC_8630.JPG

Ұлы тұлғаны сомдау үшін мол күш, қажымас қайрат, мұқалмас жігер, талмас талап керектігі ақиқат. Ақылбек Шаяхмет ұлт ұстазының жан серігі ақын Нұржан Наушабайұлының Ыбырайға деген кіршіксіз адал достығын бейнелеген. Мектеп ашу барысында қаржылық жағынан да демеушілер табуға мол септігі тигендігін аңғаруға болады. Осы баға жетпес сыйластықты сахнада көрерменге жеткізе білген жас артистердің жетекшісі Ақбидаш апайдың еңбегі зор.

DSC_8675 (1).JPG

- «Екі жыл бұрын Қостанай мемлекеттік педагогикалық институнда талантты жастардың бастамасымен, ниетімен «Жас сахна» студенттер театрын құрған болатынбыз. Осы уақытқа дейін біраз сахналық көріністеріміз, қойылымдарымыз бар. Биылғы жылы Ақылбек Шаяхметтің «Ыбырайдың өсиеті» пьесасын сахналаған себебіміз, халық ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен тұспа тұс келіп отыр. Сонымен қатар педагогика және психология факультетінің ұйымдастырумен өткізіліп отырған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға сәйкестендіріп отырмыз. Бұл пьесада біраз құнды жағдайлар айтылған. Біз Ақылбек ағайдың келісімімен қысқартып, ықшамдап ел назарына ұсындық. Жан-жағын жаңа танып, өсіп келе жатқан студенттерге күш түсірмеу жағын ойладық. Осы пьесаны ұсынғанда студенттер қуана келісе кетті. Өйткені, білімнің бастауы Ыбырай ата екендігін олар біліп, бәрі бір ауыздан қолдады. Тағы да №11 мектеп оқушылары ат салысты. Пьеса қаншалықты ықшамдалғанымен көптеген ойлы орамды дүниелер қозғалды деп білемін. «Біткен іске сыншы көп» дегендей, ойнау барысында кемшіліктер болған шығар. Рольдерді сомдаған артистер кісіби маман емес. Сондықтан, кешіріммен қарған жөн деп білемін. Менің ойымша, қойылым жақсы және жоғары денгейде болды. Жиылғандардың көңілінен шыққаны жүздерінен көрініп тұрды.


Талапшыл жастарға институтымыз қолдау білдірді. Балалардың ұйымдастыруымен сахналық жабдықтарды орналастыру барысында озаттылық көрсеткендері менің де көңілімен шықты. Жаратылыстану, математика, тарих, өнер педагогика мен психология факультеттерінің студенттері белсенді қатысты», - дейді ұйымдастырушы, педагогика факультетінің аға оқытушысы Ақбидаш Әбдіркенова.

DSC_8761.JPG

Зор жауапкершілікті мойынына алу да оңай шаруа емес. Тамашалауға келген студенттер де дән риза. Пьесаны көру барысында өзіндік ерекше жан тебіреністе отырғандарын жасырып қалған жоқ.


- «Мен бұл пьесадан ерекше рухани байып қалдым. Ыбырай бабамыздың білімділігіне, Алла тағалаға адалдығына қанық болдым. Сонымен қатар институт студенттері зор жауапкершілікті сезініп, шебер сомдап шыққандығына ерекше риза болдым. Ақылбек Қожаұлына алғысым шексіз. Болашақта да тарихымызды жаңғыртып, біз сияқты жастарға тәлім боларлықтай, рихани дүниемізді байытардай дүниелерді өмірге әкеле берсін», - дейді ҚМПИ-дың студенті Ерхан Егінбаев.


Бұл пьесаның жас буын өкілдеріне берер пайдасы мол. Тәрбиелік, тағылымдық жағы басым. Жас ұрпақ Ыбырай ата бойындағы адалдық, өзіне деген сенімділік, жан тазалығы деген құндылықтарды өз бойын сіңірсе пьесаны жазған автордың еңбегі еш кетпегені деп білеміз.


Сералы РАМАНҰЛЫ,

Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ

ГӘФ журналистика мамандығының студенті


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар