Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
«Ауылым – алтын тұғырым» әдеби онлайн конкурсының қорытындысы шықты

06.12.2016 476

«Ауылым – алтын тұғырым» әдеби онлайн конкурсының қорытындысы шықты

Конкурс.jpg

«Ауыл» партиясы мен «Әдебиет порталының» ұйымдастыруымен өткен «Ауылым – алтын тұғырым!» әдеби онлайн конкурсының қорытынды отырысы болды.



Төрелік етуші әділ қазылар конкурсқа бірнеше ай мерзімінде келіп түскен 219 жолданымды әдеби сараптаудан өткізіп, өзара пікір алмасулар жүргізді.



Онлайн конкурсқа келіп түскен 219 шығарманың 79-ы проза, 18-і драматургия, 122-сі поэзия жанрындағы дүниелер болды.



Қазылар алқасының атап көрсетуінше: «байқауға жаңадан талаптанып, қалам ұстап жүрген жастар тарапынан қызығушылықтың өте жоғары болғандығы анық сезіледі. Жолданған туындылардың көбін негізі сапалы жазылған деп бағалауға әбден болады. Ойы орамды, тілі шұрайлы жас талап қаламгерлер өздеріне етене таныс ауыл тақырыбына жай қалам тербеп қана қоймай, ауылдың өзекті проблемаларына үңіліп, оны әдеби көркем тілмен көрсете білген деуге болады».



Жастардың осындай жақсы лепесін ескере отырып, қазылар алқасы конкурс ережесіне сай әр жанрдан 3 орыннан, жалпы тағайындалатын 9 жүлделі орынға қосымша 8 арнайы әдеби сыйлық қосуды ұйғарыпты. Сонымен қатар іріктеп сыналтылған барлық үздік авторлар арасынан ең жоғарғы жүлде – «Алтын Тұғыр» сыйлығының иегерін де анықтау жөнінде шешім шығарылған екен.



Қазылар алқасының пікірін тыңдап, ақылдасқан республикалық «Ауыл» партиясының төрағасы Ә.Бектаев: «Тіркелушілер қатары көп болғандықтан, қатысқан жас дарын иелерінің меселін қайтармайтындай, әділ бағасын беріп, ойы ұшқыр жастарды ынталандырған жөн», - деген пікірін білдірді.



Сөз соңында мына ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз: жеңімпаздарды марапаттау 7 желтоқсан күні сағат 11.00-де, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ғимаратының концерт залында өтеді.






adebiportal.kz



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)


Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар