Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
«Мен қазақпын» бағдарламасына 10 жыл!

28.11.2016 425

«Мен қазақпын» бағдарламасына 10 жыл!


Бүгін елордамыздағы Астана радиосы  «Мәңгілік ел - ұлт мұраты» ерекше танымдық кешін ұйымдастырды.

Радиода аптасына бес рет үздіксіз шығып келе жатқан «Мен қазақпын» ақпараттық-танымдық бағдарламасына 10 жыл толды.

Бұл - Астана радиосының ірі жобасы.

IMG_8983.JPG

Бұл жобаның «Туған жер», «Атамекен», «Бәсекеге қабілеттілік», «Құқықтық сауаттылық», «Тарих», «Дүниетаным» тақырыптарына арналып келген хабарлары бар екенін тұрақтары тыңдармандары біледі.


Осы шараға саясаттанушы, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев, «Түгел Медиа» холдингінің президенті Сәдібек Түгел, қоғам қайраткері Сапар Ысқақов, Еуразия ұлттық университеті Тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тілеген Садықов, Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Несібелі Құрман, Математика ғылымдарының магистрі, Зерделі ақыл-ой орталығының директоры Рысбек Мәуітұлы қатысып, бағдарлама жайында, оның халыққа берер пайдасын айтып өтті.

IMG_8973.JPG


«Мен қазақпын» бағдарламасының авторы, Астана радиосының бас редакторы Базаргүл Үмбетова 5 күнде әр түрлі тақырыптарды қозғайтын бағдарламаның барысы жайында айтып өтті:

«Біз тәуелсіздік алғаннан бері біздің еліміздегі жастар қоғамның қозғаушы күші десек, қазіргі кезде бес миллионға жуық жастар бар екен. Астан жастар мемлекеттік радиосында ең алғаш қазақ радиосының эфирінде осыдан 10 жыл бұрын «Мен қазақпын» атты ақпараттық-танымдық бағдарламасының тұсауы кесілген болатын. Содан осы күнге дейін аталған бағдарламаның 30 мыңдай саны эфирге шығып үлгерді».


IMG_8979.JPG

Еуразия ұлттық университеті Тарих факультетінің деканы Тілеген Садықовтың айтуынша, өз бағдарламаларымен ерекшеленетін Қазақ радиосы, оның аймақтық станциялары, Астана радиосының орны тыңдармандар үшін әрқашан жоғары тұратыны анық.

«Бүгінгі мәртебелі бағдарламаға 10 жыл толып отыр. Өз басым тарихшы ретінде, «Мен қазақпын» атты хабардың тарихтың қатпарын ақтарып, оның қыр-сырын бүгінгі ұрпаққа жеткізетін радио - нақ осы бағдарлама. Менің біраз шәкірттерім осы хабарды дайындап отыр. Ұстаз ретінде ол мені, әрине, қуантады».

IMG_8982.JPG

IMG_8985.JPG

IMG_8977.JPG


Кеш барысында тек әңгімелер тыңдалып қана қоймай, көңілді де әсем әндер шырқалды.

Базаргүл Үмбетова сондай-ақ, шараға қатысқан қонақтарға бағдарламаның атынан алғыс хат табыс етті.


Ақбота Күзекбай


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар!


Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар