Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
«АДЫРНА» ЖУРНАЛЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ!

25.11.2016 434

«АДЫРНА» ЖУРНАЛЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ!


15171288_1114555085258744_5070948830758246273_n.jpg



Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен Ақтөбеден «Адырна» атты республикалық әдеби журнал шыға бастады. 

Әзірге 2000 данамен тарайтын 240 беттік жаңа журналдың бас редакторы — Мейірхан Ақдәулетұлы. Редактордың айтуына қарағанда, "Адырнаға" тек қана үздік туындылар жарияланатын болады".

Алғашқы нөмірде Дулат Исабековтің сұхбаты, Серік Ақсұңқарұлы, Ертай Ашықбаев, Әділ Ботпанов, Жанна Елеусіз сияқты ақындардың өлеңдері, Светқали Нұржанның «Хан кегі» атты поэмасынан үзінді, Құдияр Біләл мен Аягүл Мантайдың әңгімелері, Таласбек Әсемқұловтың, Мақсат Тәж-Мұраттың, Жұбаназар Асановтың, Бауыржан Бабажанұлының мақалалары еніп отыр. Андрей Вознесенский мен Хуан Рамон Хименестің де өлеңдері қазақша «сөйлеп» тұр. 

Айтпақшы 29.11.2016 жылы 15.00-де Алматыда, Жазушылар одағының ғимаратында «Адырнаның» тұсаукесері болады. Ақын-жазушыларды, БАҚ өкілдерін, студенттерді һәм барша тілеулес жандарды сол кешке шақырамыз! Келіңіздер!




adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)


Пікірлер

Жасубиева Балжан

06.10.2017 12:06
Сәлеметсіздер! Біз Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары "Адырна" атты журналдың жарық көргеніне қуаныштымыз, ал енді қалай жазыламыз? Бізге индексі, бағасы керек. Бізге тездетіп жауап жазсаңыздар екен. Күтеміз.

Жасубиева Балжан

06.10.2017 12:17
Сұрақты нақты түсінбегенге ұқсайсыз, мен жазылуым керек еді, жазылуға басылымның индексі мен құны керек, онсыз журналды ала алмаймын. Мен бұл жерде авторлық құқық туралы сұрап отырған жоқпын.
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар