Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Несіпбек Дәутайұлы: «Изм» - дердің айналасындағы әуре-сарсаң белең алды

25.11.2016 812

Несіпбек Дәутайұлы: «Изм» - дердің айналасындағы әуре-сарсаң белең алды




Несіпбек-Дәуітайұлы.jpg



Осыған дейін бұл сұрақтарға Светқали Нұржан жауап берген болатын.


Тәуелсіздік жылдарындағы ширек ғасырда Жазушылар одағы қазақ әдебиеті үшін не істеді?


Одақтың ғимаратын, «Жұлдыз», «Простор» журналдарын, «Қазақ әдебиеті» газетін сақтап қалды.


Жазушылар одағының келесі төрағалығына кім лайықты?


Төрде жүрсе де, төменірек жүрсе де қалам қарымымен, талғам-танымымен төрт құбыладан тең төбесі көрініп жүретін тұлға! Ар жағы «Ішің білсін әлуай»...


Жиырма бес жылдықта қазақ әдебеиетінің қай жанры кенжелеп, қандай жанры алға шықты? Осы уақыт арасында әдебеиетімізге тың өзгеріс алып келген қаламгерлерді атай аламыз ба?


Поэзияда жарқыл көбейді, проза бәлендей манди қоймады.


Төлен Әбдіков, Тынымбай Нұрмағанбетов, Рақымжан Отарбаев, Мархабат Байғұт, Жүсіпбек Қорғасбек, Нұрғали Ораз...


Біздің бүгінгі әдебиетке не жетіспейді?


Көркемдік концепция. Қиял мен қисынның үйлесімін таба алмаушылығы. «изм» - дердің айналасындағы әуре-сарсаң. Форма дерті. Деталь тапшылығы. Көркем шындыққа жете алмау. Мінезсіздіктің меңдеуі.




Сұхбаттасқан Бағлан Оразалы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар!


Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар