Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Сайын Мұратбековты еске алу кеші өтті

24.11.2016 358

Сайын Мұратбековты еске алу кеші өтті


Сайын.jpg


Елордамыздағы Қазақ Ұлттық Өнер университетінде жазушы Сайын Мұратбековтың 80 жылдық мерейтойына арналған еске алу кеші өтті.


Кеш басында жазушының «Жабайы алма», «Жусан иісі» сияқты атақты шығармалары аталмыш оқу ордасының студенттері қойған бейне көрініс арқылы көрерменге жол тартты. Соғыстың ауыр тағдыры мен ұлттық трагедиямызды суреттейтін жауһар әңгімелердің желісі неше ғасыр өтсе де өзекті болатынына ешкімнің күмәні жоқ шығар. Бұл туралы кешті ұйымдастырушы жазушы-драматург Роза Мұқанова: «Бұл Сайын шығармаларының шынайылығы, шынайы болғанда қазақтың боямасыз шынайы жан дүниесі. Сондықтан да Сайынды оқып отырып шын күлесің, Сайынды оқып отырып шын жылайсың» деді.


Еске алу кешіне жазушы-драматург Әкім Тарази, академик Сейіт Қасқабасов, Мырзатай Жолдасбеков, Несіпбек Айтұлы сияқты әдебиеттегі ақсақалдар қатысып, лебіздерін білдірді. Ақын Несіпбек Айтұлы Сайын Мұратбеков бастаған аға жазушыларға арнаған «Бес тапалға» деген өлеңін оқып, жұртты бір сілкіндірді.


Кеш соңында Талдықорған жерінен келген Сайын Мұратбековтың туыс-туғаны ұйымдастырушылар мен келген көрерменге алғысын айтып, әсерлерімен бөлісті.




adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)


Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар