Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
BAQ.kz ақпарат агенттігіне - 6 жыл!

24.11.2016 271

BAQ.kz ақпарат агенттігіне - 6 жыл!


Снимок.JPG


Елімізде ғана емес алыс-жақын шет елдердегі қандастарға қазақ тілінде сапалы ақпарат таратушы медиа-порталдар қатары аса көп емес. Солардың бірі және бірегейі BAQ.kz ақпарат агенттігі деп айтуға әбден болады. Бүгін, яғни 24 қараша күні осы порталға 6 жыл толып отыр.


Бүгінгі таңда BAQ.kz – ана тілімізді насихаттауда орасан зор қызмет атқарып, әлемнің түкпір-түкпіріне жедел әрі сапалы ақпарат тарату ошағына айналып отыр. Алты жылдық тарихы бар ақпарат агенттігі өз жұмысының нәтижелі қорытындысымен қоса келешекке қояр мақсат-міндеттерін де жоғары деңгей мен кең көлемде айқындай алды. Ақпарат агенттігінің қызметкерлері журналистикада жоғары кәсіби шеберлік танытып қана қоймай, қазақтың тарихы мен әдебиетіне, мәдениеті мен спортына қамқорлық көрсетіп, сапалы мақалаларымен, салихалы сұхбаттарымен оқырмандарын әрдайым қуантып отырады. Сонымен қатар, қоғамда қызу талқыланып жатқан тақырыптарға үн қосып, әр адамға сенімді әрі жан-жақты ақпарат таратуды өздерінің міндетіне алған.


«Әдебиет порталының» ұжымы «BAQ.kz»-тік әріптестерін осы бір айтулы күнмен құттықтай отырып, жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық, шығармашылық шабыт тілейді. «BAQ.kz» ақпарат агенттігі әлемдік деңгейге танылып, ақпарат саласының акуласына айналсын!  


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар!


Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар