Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Әнші Боб Дилан Нобель сыйлығын алуға бармайды

17.11.2016 154

Әнші Боб Дилан Нобель сыйлығын алуға бармайды


Америкалық музыкант Боб Дилан Швед академиясына Әдебиет  бойынша Нобель сыйлығын алу үшін Стокгольмге бара алмайтынын айтты.

                                          Bob-Dylan-evidenza.jpg


 Швед академиясының хабарлауы бойынша, Дилан өзінің қолы бос емес екендігін мәлімдеп, сол күні басқа келіскен жерлеріне баратынын жеткізді. Алайда, Боб Дилан бұл марапатты асыға күтетінін жасырмады. Сондай-ақ, Швед академиясының белгіленген ережесі бойынша, Боб Дилан  10 желтоқсаннан бастап жарты жыл ішінде Нобельдік дәрісті оқуы қажет.

«Нобель сыйлығының марапаттау салтанатына келмеген лауреат өте сирек», - деп атап өтті Швед академисяының өкілдері.

Айта кетсек, осындай жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ, оның алдында Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары Дорис Лессинг, Гарольд Пинтер және Эльфрида Элинек марапаттау салтанатына қатыспады.

 Естеріңізге сала кетейік, белді рок әншісі Боб Дилан Нобель сыйлығын ұлы америкалық әншілік дәстүрдің аясындағы жаңа поэзиялық бейнені қалыптастырушы ретінде алып отыр.


Ақбота Күзекбай

Біздің Telegram-парақшамызға. жазылыңыздар!

Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар