Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Төлен Әбдікпен кездесу өтті

11.11.2016 351

Төлен Әбдікпен кездесу өтті


20161111_120344.jpg


Көрме орталығында «Eurasian Book Fair – 2016» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі аясында жазушы Төлен Әбдікпен кездесу өтті. Шараны ақын Дәулеткерей Кәпұлы жүргізді.


Жиын барысында Төлен Әбдік әдебиет, адамгершілік, ізгілік, руханият төңірегінде оқырмандармен ой бөлісті. Өзінің жазушылыққа қалай келгенінен бастап, бүгінгі күні шұғылданып жатқан ісінен ақпар берді.


Кездесу барысында белгілі болғандай жазушы өзінің «Өліара» романының екінші томын жазып жатқанын айтты.


Белгілі сыншы Амангелді Кеңшілікұлы мен «Егемен Қазақстан» газетінің президенті Дархан Қыдырәлі Төлен Әбдіктің шығармашылығы туралы кеңінен толғанып, талдау жасады.


Жиын соңында Ұлттық академиялық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздік. Әдебиет. Қаламгер» байқауында оқырманның дауысы бойынша жеңіске жеткен Төлен Әбдікке «жылдың ең үздік жазушысы» атағы берілді.



adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар