Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Есілдің сол жағалауында «Есіл ағады» кітабы таныстырылды

11.11.2016 520

Есілдің сол жағалауында «Есіл ағады» кітабы таныстырылды


20161111_101156.jpg

Есілдің сол жағалауындағы Көрме орталығында Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбайдың «Есіл ағады» кітабының таныстырылымы өтті. Шараға еліміздің белгілі қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылар қатысты.




Атап айтсақ, Мекемтас Мырзахметов, Серік Негимов, Қасымхан Бегманов, Қойлыбай Асанов, Амангелді Кеңшілікұлы сияқты қаламгерлер Ғалым Жайлыбайдың ақындығына тоқталып, өздерінің жоғары бағасын берді.






Кітап таныстырылымының модераторы Серік Ақсұңқарұлы алғы сөзінде: «Әлемнің 99 пайызы кітап оқудан қол үзген шақта, халықаралық дәрежеде кітап көрмесін өткізу жақсы бастама. Ғалым менің інім ғана емес, өлеңін мойындайтын сүйікті ақыным. Оның өлеңдерінде Евтушенконың иірімдері бар. Ол еуропашыл жаңа бағыттың һәм ұлттық бояуға бай поэмалардың авторы» деп жиынды бастап берді.



Профессор Серік Негимов «қазақ поэзиясын үлкен мұхитқа теңесек, Ғалымның өлеңі сол мұхитқа қосылған мөлдір бұлақ секілді» деп пікір білдірді.


Қаламгер Мекемтас Мырзахметов: «Ет пен терінің арасындағы ақындар бар, ақындық сүйегіне біткен ақындар бар. Ғалым Жайлыбай болмысымен ақын» деп шынайы көзқарасын танытты.


20161111_102058.jpg



Қасымхан Бегманов ақын досына жазған арнау өлеңін оқып, елдің ықыласына бөленді.



Ақынның сөзіне жазылған атақты «Есіл ағады» әнін композитор Ахмедия Есмұхановтың өзі келіп орындады.



20161111_104603.jpg



Айта кетейік, Ғалым Жайлыбай тәуелсіздік жылдарында ең көп поэма жазған ақындардың бірі. «Есіл ағады» кітабына автордың өлеңдерімен қоса «Тамакөшкен», «Киікқашқан», «Ақ сиса» сияқты көлемді поэмалары еңгізілген.




adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға. жазылыңыздар!

Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар

Ең көп талқыланғандар