Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Астанада Мұса Жәлелдің жыр жинағы жарық көрді

28.10.2016 248

Астанада Мұса Жәлелдің жыр жинағы жарық көрді



Бүгін Астанадағы Орыс ғылымы мен мәдениеті орталығында татар халқының әйгілі ақыны Мұса Жәлелдің жыр жинағының тұсауы кесілді.

 Шара Кеңес Одағы батыры, қаһарман ақынның 110 жылдығы мен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды.

 

14877660_663558783822320_217919012_n.jpg

 

Мұса Жәлел ақынның жинағы  татар, орыс тілдерімен қоса, тұңғыш рет қазақ тілінде де  жарық көріп отыр. Ақын өлеңдерін қазақ тіліне белгілі  журналист Мұрат Әбдірахманов аударыпты.

 

Өкінішке қарай, аудармашы Мұрат Әбдірахманов бір жыл бұрын өмірден озған еді. «Мұса Жәлелдің  14 шығармасы енгізілген  «Моабит дәптері» деп аталатын жыр топтамасын көзі тірісінде аударып үлгеріпті. Сондықтан, біз Мұса Жәлемен бірге қазақтың  Мұрат Әбдірахманов сынды азаматын да еске алып отырмыз. Олардың есімдері ұмытылмайды», - деді шарада сөз алған Астанадағы «Дослық» Татар білім және мәдениет орталығының жетекшісі Яннат Низамутдинова.

 

14875380_663558807155651_193466605_n.jpg


Бұл жобаның басты ұйымдастырушылары Яннат Низамутдинова мен журналист Ринат Дусумовтар екен.    

 

Іс-шараға қатысушылар еліміз  бойынша Мұса Жәлелдің  110 жылдығы кеңінен атап өтіліп жатқандығын, әрі мұның қзақ пен татар халықтарының бауырластық-достық қарым-қатынасының жарқын нышаны екенін атап көрсетті.


Қорғаныс министрлігінің Әскери-тарихи мұражайына М. Жәлелден қалған жәдігерлер тапсырылып, қаламызда ақын атындағы әдеби байқау тұңғыш рет өткізіліп, мектептер мен жоғарғы оқы орындарында мазмұнды кештер  ұйымдастырылғанын ризашылықпен атап өтті.


14877191_663558753822323_2092142413_n.jpg


Тұсаукесер барысында ақынның өлеңдері оқылып, шараға келген қонақтар дәстүрлі татар асханасы тағамдарынан дәм татты.

 

Бір айта кетерлігі, аталған жыр жинағы  тек Қазақстанның, сондай-ақ Ресейдің Татарстан мен өзге аймақтарына ғана емес, әлемдегі  барша татар диаспораларына таратылатын болады.




14805505_663558737155658_335359652_n.jpg


14877113_663558810488984_1745502530_n.jpg


14907834_663558777155654_1481447272_o.jpg


14886192_663558790488986_945323198_n.jpg


14877809_663558797155652_1487023258_n.jpg

 Фото: Ұларбек Дәлейұлы, baq.kz


Ақбота Күзекбай


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)


Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар

САЙЫН

18.06.2018
155

Ең көп талқыланғандар