Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
25 қазан – ұлықталуға тиіс ұлық күн

25.10.2016 238

25 қазан – ұлықталуға тиіс ұлық күн


республика куни.jpg

Бүгін барша қазақстандықтар үшін аса айтулы күн! Күні кешеге дейін «Республика күні» деген атаумен кең көлемде, мазмұнды іс-шараларға толы атап өтіліп келген осынау айтулы күн замананың уәжді себептерімен даталы күндер тізімінен шығып қалғаны өкінішті.


Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікті жариялайтын сәтті кезең, атты күнге біртіндеп жақындап келет жатқан мезгіл еді бұл. КСРО-ның шаңырағы шайқалып, түтіні бықси бастағанымен, біздің республикамыздың саяси-экономикалық жағдайы өте нәзік те күрделі кезең еді. Осындай алмағайып тұста Тәуелсіздікті бейбіт жолмен қолға қондыру үшін өзінің бар білігі мен тәжірибесін жұмсап, қиыннан қиыстырып жол таба білген сол тұстағы Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі құрамындағы отаншыл азаматтардың ерен еңбегін туған елі, төл тарихы ұмытпауға тиіс.


Аса қызу талқылаудан соң, 1990 жылдың 25 қазаны күні 18 сағат 55 минутта Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны» қабылданады. Бұл тарихи заң актісі – бір жылдан кейінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін жариялауға жасалған басты қадам болды. Бұл ресми құжат әлі де Кеңес Одағы құрамындағы Қазақстанға қандай мүмкіндік берген еді?


Біріншіден, Қазақстан – халықаралық қатынастарда дербес субъект ретінде шығуға мүмкіндік алды.


Екіншіден, Қазақстан өзінің дербес бюджетін қалыптастыра бастады.


Үшіншіден, өз мүддесіне қайшы келетін Кеңес Одағының заңдарын тоқтатуға мүмкіндік алды.


Төртіншіден, осы арқылы ең басты құндылығымыз – ұлттық мемлекет құрудың негізі қалана бастады.


Шүкір, бір жыл екі айдан соң Қазақстанның Тәуелсіздігі жарияланды. Одан бері де ширек ғасыр уақыт өтіп, тәуелсіздіктің тұғырын берік, туын биік, еліміздің басындағы бағын баянды ету жолында ұланғайыр істер атқарылғанына барша ел куә, күллі әлем куә.


Шын мәнінде жер бетіндегі талай-талай халықтар мен ұлттар әлі күнге арман қылып қол жеткізе алмай келе жатқан, өз еліміз тарихындағы ерек қадам – «Егемендік туралы декларация» қабылданған осынау күнді елеусіз қалдырмай, әрқашан санамызда жаңғыртып, ұрапққа ұлағаттап отырайық.


Бұл – елдік санамыздың биік нышаны. Айтулы күн құтты болсын! Егемен елдің ертеңі жарқын, бақыты баянды болсын!


Әдебиет порталы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар