Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Рахымжан Отарбаев алтын медальмен марапатталды

19.10.2016 245

Рахымжан Отарбаев алтын медальмен марапатталды

Рақымжан Отарбаев.JPG


Халықаралық «Форум» журналының хабарлауы бойынша, қазақтың қабырғалы қаламгері Рахымжан Отарбаев «Жемісті бейбітшілік шығармашылығы үшін»  алтын медалімен марапатталды. Бұл медаль Әлемдік қорлардың халықаралық ассосациясы президенті, шахматтан бірнеше дүркін әлем чемпионы Анатоли Карповтың шешімі бойынша табыс етілген.


Жазушыны әлемдік дәрежедегі әріптестері де құттықтауда. Олардың ішінде белгілі жазушы, Халықаралық "Форум" журналының Бас редакторы Владимир Муссалитин де бар. «Бұл сыйлық сенің бүгінгі мерейтойыңмен тұспа-тұс келіп отыр. Үлкен жетістік Қазақстанның бір ұлының ғана емес, парасат-пайымға бас иетін күллі халықтың қуанышы деп есептейміз. Құрметті Рахымжан, сен үшін қуанып отырмын», - дейді жазушы Владимир Муссалитин.


Айта кетейік, осыған дейін бұл медальді әлем бойынша Назым Хикмет, Пабло Неруда, Джавахарлал Неру иеленген еді. Енді осы тізімді Рахымжан Отарбаев толықтырып отыр.


Бағлан Оразалы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар