Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Мемлекеттік тіл және ұлттық рух

07.07.2016 460

Мемлекеттік тіл және ұлттық рух

Мемлекеттік тіл және ұлттық рух.jpg

Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев үстіміздегі жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы», – деп атап көрсетті.

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында сөйлеген сөзінде: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан əрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет», - деп тіл дамыту мəселесінің маңызын аша отырып, Үкіметке арнайы бағдарлама жасау жөнінде тапсырма берген еді. Бүгінгі міндет - сол Тіл туралы Заң мен Тілдерді қолдану жəне дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Ол үшін кəсіби қарым-қатынаста қазақ тілінде сауатты сөйлей білу – əрбір маманның алдына қойылар басты талап болуы шарт. Бүгінгі күні елімізде халыққа заңгерлік көмек көрсете алатын, қазақ тілінде еркін сөйлей білетін заңгерлерге, қорғаушыларға, тергеушілерге т.б. жəне халықпен тығыз қарым-қатынас жасайтын маман иелеріне де сұраныс көбейіп келеді. Сондықтан да, бүгінгі күні өзекті мəселелердің бірі кəсіби қазақ тілінде дұрыс сөйлей білумен қатар ісқағаздарын сапалы толтыра білетін мамандарды даярлау, олардың сөздік қорларын заң терминдерімен толықтыра түсу басты мəселелердің бірі болып табылады.

Тіл саясаты үш негізге сүйенеді. Ең бастысы - оның құқықтық негізін жасау, екіншісі - қоғамда тіл саясатын кеңінен насихаттау. Ал үшіншісі - үкімет тарапынан қаржылық қолдау. Еліміздің тіл саясатында осы үшеуі де ескерілген.

Қазақстандықтар кем дегенде үш тіл білуі тиіс. Бірақ қазақ тілі өзге тілдерге қарағанда басымдылықты талап етеді, мемлекеттік тіл Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен қатар ұлттық қауіпсіздік факторларының бірі ретінде қаралуы тиіс.

Бұл жөнінде Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Рухы биік болмай, мықты тәуелсіз ел болмайды. Рухы биік елді ешкім жеңе алмайды. Рух деген – елдің тарихы, елдің тілі, елдің дәстүрі» деген болатын. Сонымен бірге Елбасы «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің аса маңызды шарты – бұл әлемдік бәсекелестік үдерісінде табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім, яғни қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» деп атап көрсеткен болатын.

Мәңгілік Ел – жалпы Қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың арманы, «Қазақстан – 2050» Стратегиясының түп қазығы, жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың алтын өзегі. Отанымыздың барлық азаматтары, олардың әрқайсысы осынау ұлы дүбірлі үдерісте бір кісідей жұмылып, ықылас-пейілімен, жан-тәнімен, білім-парасатымен, жинақтаған тәжірибесімен үлес қосуға тиіс. Түріктің атақты сықақшы-жазушысы Әзиз Несин айтқандай: «Сен лаулап жанбасаң, мен лаулап жанбасам, кім лаулап жанадының?» мезгілі келді. Бұл айдай ақиқат.

Осы тұрғыда, халқымызбен бірге жасасып, жиырма жылдан аса қызмет етіп келе жатқан Қазақстан халқы ассамблеясы ұжымы ел болашағының, Мәңгілік Ел идеясының ірге тасын құрайтын басты құндылықтарды жасауға бел шешіп, білек сыбанып, еңбек істеп келеді. Ең бастысы – қоғамдық келісімнің қазақстандық мен этносаралық толеранттылық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Саяси тұрғыдан жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған болатын.

Еліміздің Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты жолдауында «Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады. Халқымыздың басына түскен қандай да бір сынаққа қарамастан біз тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы жасампаз істерімізді жалғастыра бермекпіз» деген болатын. Яғни, тәуелсіздігімізді нығайту үшін қоғамда болашаққа деген сенім, рухтың күштілігі аса қажет. Н.Ә.Назарбаев былай деп атап өтті: «Рухы берік санасы ояу, мәдениеті озық, әдебиеті өрен елдің, болашағы да баянды болады» (Егемен Қазақстан, 12.01.2012).

Рух – ұлттық формада өмір сүреді. Ол сүйіспеншілік қайдан пайда болады? Егер де ұлттың топырағында туып өссең, оның болмысын қаныңа, жаныңа, тәніңе сіңірсең, тілін меңгерсең, тарихын білсең, мәдениетін білсең, әдет-ғұрпын білсең сүйіспеншілік пайда болады, бұл ұлттық рухтың негізгі базасы болып табылады. Ары қарай рух қалыптасу үшін ұлттың жағдайын, жете алмай тұрған кемістіктерін, алдына қоятын нақты мақсатын, яғни ұлттық рухтың мәнін сезіне білу керек. Сонда ғана ұлттық рух қалыптасады. Ұлттық рухты тек түсініп, сезініп қою жеткіліксіз, ең негізгісі өз ұлтың үшін белсенді іс-әрекетке көшу керек.

Ұлттық рух ары қарай қалыптасу барысында ол ұлттың мақсат-мүддесін, ішкі жан дүниесін, арман-тілегін бойына сіңіре отырып, кіндік қаны тамған топыраққа, өз жұртына, Отанына деген ерекше сүйіспеншілікті өзінің мазмұнына айналдырады. Ұлттық рухтың қыр-сыры, мән-мағынасы туралы айтқанда оның сана түсінігімен байланысына назар аударған жөн. Рух пен сананың ортақ қасиеттері, ортақ мазмұны көп болғанымен, олардың айырмашылығы баршылық.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар!

Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар