Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Жалпыұлттық бірлігімізді әлсіреткен діни ағымдар

15.10.2016 221

Жалпыұлттық бірлігімізді әлсіреткен діни ағымдар


діни ағымдар.jpg

Қазақ – ежелден бері Ислам дінін ұстанып келген халық. Сөзіміздің айғағы ретінде қазіргі кезде еліміздің 70 пайыз халқы мұсылман екенін айтуға болады. Өкінішке орай, рухани шөліркеуді дұрыс мәліметпен қамтамасыз ете алмағандықтан, кейбір жандар миссионерлердің жетегінде кетіп жатыр.


Сонымен бірге соңғы кезде Интернет торабы арқылы бірнеше рет мәлімдеме жасаған «Халифат солдаттары» деп аталатын ұйым да экстремистік бағытта. Өткен жылдарда Атырау, Ақтөбе, Тараз, Алматыда болған теракт, атысулар Қазақстанда да діни-экстремистік жанжалдар қаупі бар екенін көрсетіп отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тәрбие жұмысына, идеологиялық насихат жұмыстарына үкімет тарапынан дұрыс көңіл бөлінбеу салдарынан түрлі миссионерлік діни ұйымдар – секталар көбейіп кетті. Бұл олқылықтардың орнын толтыру ұзақ, қажырлы еңбекті талап етеді.


Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі кезеңдерде елімізде өз іс-әрекеттерін жүргізген түрлі діни ағымдар пайда болды. “Ештен кеш жақсы демекші”, бүгінде солардың бірқатарына елімізде тиым салынған. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ресми мәліметі бойынша төменде олар туралы мәліметтерді көре аламыз:



1. Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының 15 қазан 2004 жылғы шешімі негізінде:

1) “Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс”,

2) “Аль-Каида”,

3) “Өзбекстандағы исламдық қозғалыс”,

4) “Күрд Халық Конгресі” (“Конгра-Гел”)


2. Жоғарғы Сотының 15 наурыз 2005 жылғы шешіміне сәйкес:

1) “Талибан” қозғалысы,

2) “Асбат аль-Ансар”,

3) “Мұсылман бауырлар”,

4) “Боз гурд”,

5) “Лашкар-е-Тойба”,

6) “Әлеуметтік реформалар Қоғамы”,

7) “Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтар”.


3. Астана қаласы сотының 28 наурыз 2005 жылғы шешіміне негізінде:

1) “Хизб-ут Тахрир” діни-саяси партиясы.


4. Астана қаласы сотының 17 қараша 2006 жылғы шешіміне сәйкес:

1) “Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы”,

2) “АУМ Синрикё”.


5. Астана қаласы сотының 5 наурыз 2008 жылғы шешімімен:

1) “Түркістан ислам партиясы”.


6. Атырау қаласы сотының 25 қазан 2011 жылғы шешіміне сәйкес:

1) “Джунд-аль-Халифат”


7. Шығыс Қазақстан облысы арнайы ауданаралық экономикалық сотының 7 маусым 2012 жылғы шешіміне сәйкес:

1) РҚБ «Сенім. Білім. Өмір»


8. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 26 ақпан 2013 жылғы шешімі бойынша:

1) “Таблиғи жамағаты” діни ұйымы.


9. 18 тамыз 2014 жылғы Астана қаласы прокурорының арызы бойынша Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының “Ат-тақфир уәл-хиджра” халықаралық ұйымын экстремистік деп тану және оның Қазақстан Республикасындағы қызметіне тыйым салу жөніндегі шешімі шыққан.


10. Астана қаласы Есіл аудандық сотының 15 қазан 2015 жылғы шешіміне сәйкес:

1) “Ислам мемлекеті”.

2) “Ан-Нусра фронты”.


11. Мамандандырылған ауданаралық Алматы қаласы сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы және Астана қаласы сотының 12 қаңтар 2009 жылғы шешімімен:

1) Адамдарды қозғалыс методы (өзін-өзі) арқылы емдеу деп бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт насихат таратқан Абдуллаев Ф.М. (Фархат ата) “Алла-Аят” деген атауға ие.


12. Мамандандырылған ауданаралық Алматы қаласы сотының 5 ақпан 2009 жылғы шешіміне сәйкес:

1) “Ата жолы” және/немесе “Ақ жол” ұйымы.


Қазіргі таңдағы өзекті деген үлкен мәселелердің бірі – жаңбырдан кейін қаулап шыққан саңырауқұлақ секілді түрлі діни ағымдар десек артық айтқандық емес. Кереғар діни ағымдар қоғамға, айналаға, соның ішінде жастарымызға ерекше әсер етіп, ұдайы адастырумен келеді. Соның салдарынан отбасылардың ажырасуы көбейіп, түрлі дінді ұстанудың нәтижесінде жанұяларда ұрыс-керістер орын алып, көптеген бөлінушіліктерге негіз болуда. Бірлік – мұсылмандықтағы басты қағидалардың бірі екені мәлім. Бұл жөнінде “Әли Имран” сүресінің 103-аятында, Алла Тағала Қасиетті Құранда: “Түп-түгел Алланың дінінен бекем ұстаңдар да, бөлінбеңдер”, - деген.



Руслан Беген


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар