27 мамыр 2018
Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
«Қытайдағы қазақ спортшылары» кітабының тұсаукесері өтеді

14.10.2016 317

«Қытайдағы қазақ спортшылары» кітабының тұсаукесері өтеді


Бүгін сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «ТӘЖ» залында жас ақын Дәурен Бақытхажыұлының «Қытайдағы қазақ спортшылары» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді.


китап3.jpg


Шараға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, композитор, күйші – Секен Тұрысбек, спорт журналисті, жазушы, спорт шебері, жоғары ұлттық дәрежедегі төреші, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Несіп Жүнісбайұлы, спорт журналисі – Төлеубек Қыдырмолла, ақындардан – Танагөз Толқынқызы, Дәулеткерей Кәпұлы, Қалқаман Сарин және тағы басқа зиялы қауым өкілдері қатысады.


китап.jpg


китап2.jpg


китап4.jpg


Кітап авторы Дәурен Бақытхажыұлы – 1989 жылы Тарбағатай аймағы, Толы ауданы, Ақбелдеу ауылы, Жамбылқора қыстағында дүниеге келген.


«Он сегіз», «Махаббат шыңы» атты жыр жинақтары, «Елім деп туған Елтоқ» атты тарихи очерк кітабының авторы.


2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан, Моңғолия, Қытай мемлекеттеріндегі 100 ақыннан құрастырылған «Азаттығым – ғажап күнім» жыр антологиясына өлеңдері енген.


Шыңжаң Қазақ тіл-мәдениеті қоғамының, Шыңжаң әдебиет-көркемөнершілер бірлестігінің мүшесі.



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)


Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар