Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Жолтай Әлмашұлы: 25 жыл – 25 роман!

23.09.2016 327

Жолтай Әлмашұлы: 25 жыл – 25 роман!


жолтай.jpg

«25 ЖЫЛ – 25 РОМАН!» (туған әдебиет жанашырларына арнау) Ол-оқырманым кеше маған тамаша ой салды. Тап осы сөзі үшін оны ерекше қадірлеп, қатты ұнатып қалғанымды да жасырман. Былай деген: « Биыл қазақ елі өзінің тәуелсіздігінің 25 жылын дүркіретіп атап өтпекші! Өте қуанышты, жүрекке жылылық ұялатар елеулі дата! Басқа жағын қайдам, өзімнің жеке басымды осы 25 жылда қазақ өнері қандай деңгейге көтерілді, жеткен биіктігі қандай, жоғалтқандары бар ма деген сауал үнемі мазалай береді. Өнердің барлық түрін түптеп-түгендеп, санамалап-салмақтап бола алмаспыз, ең болмағанда тап осы кезең аралығында жарыққа шығып, жұртшылық қуанышына айнала білген қазақ романдарын саусақ бүге рет-ретімен тізіп шығуға болатын-ақ шығар? Бұл енді соншалық қиын шаруа бола қоймас, әлде осы қазақ бұндай іске келгенде тағы да баяғы еріншектігіне баса ма немесе мұндайды тізіп-жазып жатуды салмақсыз-жеңіл іс санап, тағы да кежегесі кері тарта бере ме?» Ойландырып тастады. Өзіміздің де көкейімізде әркез ойнақ сала беретін түйткіл ой болушы еді бұл, үстінен дөп түсіп отыр. Әлем әдебиетінде жарқ ете қалған жақсы роман ешқашан сүрленіп жатпаған, әп-сәтте ұлттың рухани қазынасына айналып жүре береді, ол жайлы пікір де ашық. Бұл тұрғыда біз неге әрдайым күмілжіп-күлтелектеп сөйлеуге бек бейілміз? Расында да орынды ой, қазақ прозасының ең биік шыңы – роман десек, өз еркіндігіміз өз қолымызға тиген осы кезеңде қазақ романист-жазушылары қалай көсіліпті, не жаза алыпты? Өтірік қолпаш, өтірік мақтауларды былай ысырып қойғанда, бар ма ауыз толтырып айтар шын мәніндегі жақсы романдар? Бар болса, кімді оқып жүрсіз? Кімнің романы қиялыңызға қанат бітіре алды? Тіпті авторын айтып, тәптіштеп жату да қажет бола қоймас, ең бастысы – қандай роман сізді селк еткізді? Айта аласыз ба, қадірлі ойлы оқырман? Көкейдегі ойды мүдіріс-бүлтелексіз ашып айтыңызшы осы жолы? Күтеміз соны!.. Күтеді әдебиет десе ішкен асын жерге қоятын жас ұрпақ-жаңа ұрпақ!...(«Роман-өмір»)


Жолтай Әлмашұлының «Фейсбук» парақшасына алынды

Біздің Telegram-парақшамызға. жазылыңыздар!

Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар

Ең көп талқыланғандар