Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Таласбек Әсемқұловтың көптомдығының тұсаукесері өтеді

16.09.2016 150

Таласбек Әсемқұловтың көптомдығының тұсаукесері өтеді



14375443_390700301053764_1209237825_o.jpg

Қыркүйектің 21-інде сағат 16:00-де Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада және қыркүйектің 23-і күні сағат 11:00-де Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясында дәулескер күйші, жалынды жазушы, зерделі зерттеуші, қарымды кинодраматург Таласбек Әсемқұловтың көптомдық таңдамалы шығармаларының тұсаукесер рәсімі өтеді.


Биыл аталған көптомдықтың 5 томы мемлекеттік тапсырыспен «Қазақ энциклопедиясы» баспасында жарық көрді. Оған автордың прозалық шығармалары, әдебиет пен өнер турасындағы мақалалары мен мәдениеттану саласындағы зерттеулері және кинодрамтургиядағы еңбектері енген.


Айта кетейік, белгілі сыншы Әлия Бөпежанова Таласбек туралы: «Ұлттық топырағы мықты, өмір бойы өзін-өзі баптап, тәрбиелеген, халық даналығы мен бүкіл жеті ғаламның ілім-білімін бойына жинаған және жинағанының бәрін кәдеге жаратып, Ұлтына, туған халқына қызмет етудің биік үлгісін көрсетіп өткен, халқын сүйетін, тарихын, өнерін қастерлейтін, білімге құштар әрбір жас пен жасамыстың досы болған үлкен Тұлға...» деп жазды.


Т.Әсемқұловтың әдебиет, музыка, бейнелеу өнері, кино, дәстүрлі өнер, тарих, этнография, мифология салаларындағы шығармалары, яғни, жан-жақты да көп қырлы шығармашылығы – ұлттың өзін-өзі жете тануы, терең зерделеуі, рухани түлеуіне бастайды. Өнерді, мәдениетті және осылар арқылы қоғамда да өтіп жатқан үдерістерді түсініп-пайымдауға үлкен үлес қосады.


Таласбек шығармашы­лығы­ның даралығы – оның қай саладағы еңбектерінде де ғылыми негізділік және еркін сұхбаттастық қатар өріліп отыратындығы екенін қадап айтуымыз керек. Қай тақырыпта, қай салада жазса да тізгін бермес тұлпардай жүйткіген оның жазуын­дағы тағы бір ерекшелігі – балаға да, данаға да түсінікті қарапайымдылығында. Нұрлы білімімен қатар заманға сай ойшыл­дығында. Бүгінгі заманның мәдени-рухани ахуалын зерде­лей, конструкциялай білетін жаңашыл­дығында. Яғни, жаңа мағыналар тудыра алғандығында».


Тұсаукесерге еліміздің белгілі қаламгерлері мен әдебиеттанушылары және БАҚ өкілдері мен оқырмандар қатысады.


Тел. 8 777 6934513, 8 702 9382666, пошта: zira-n@yandex.kz

Біздің Telegram-парақшамызға. жазылыңыздар!

Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар