25 мамыр 2018
Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Қазақстан Қарулы күштері патриоттық әндер конкурсын жариялады

09.09.2016 207

Қазақстан Қарулы күштері патриоттық әндер конкурсын жариялады


ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Қазақстан Республикасының Президенті – ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы  Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесіне I Республикалық әскери-патриоттық әндер конкурсын өткізеді.


сарбаз.jpg

Конкурстың негізгі мақсаты Қазақстандық ақындар мен композиторлардың әскери-патриоттық тақырыптағы әндерін кең ауқымда насихаттау, ҚР ҚК туралы әскери-патриоттық әндердің санын арттыру және сапасын жоғарылату, сондай-ақ, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық Ансамбль әншілерінің, ҚР ҚК басқа да шығармашылық ұжымдарының репертуарларын толықтыру және еліміздің қарулы күштері қатарындағы жауынгерлердің отансүйгіштік рухы мен өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесін жақсарта түсу.


Бұл жобаның айта кететін тағы бір ерекшілігі - оның Композиторлар және Жазушылар одақтарымен бірігіп кәсіби деңгейде өткізілуі.


Фестиваль екі жылда бір рет екі номинация бойынша өткізіледі.


1. Отан қорғаушыларының жағымды бейнесін ашатын 
Қазақстанның қарулы күштері туралы имиджді әндер;

2. Әскер түрлері мен саптық әндер.


Байқауға бұрын еш жерде шықпаған және орындалмаған әндерін ұсынған авторлар ғана қатыса алады. Бір автордың бір уақытта әр түрлі музыкалық шығырма ұсына отырып, екі номинация бойынша қатысуға құқығы бар. Барлық талаптар бойынша жеңімпаз атанған қатысушы Гран-При иегері атанып, оған ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының жүлдесі табыс етіледі.


Ал қалған екі наминация бойынша бір-бірден 1,2,3, орындар, екі-екіден дипломанттар анықталады. Дипломанттарға «Көрермен көзайымы» және «Үміт» жүлделері беріледі.


Айта кетейік, байқауға қатысу үшін құжаттар 2016 жылдың 25 қазанына дейін Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы 2, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығына жолдануы қажет, тел.: 8701 4404093, 8778 9621758, 

e-sarbaz01kz@mail.ru.


Толығырақ мәлімет алу үшін мына сілтеме арқылы танысуға болады. 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)


Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар