Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Әдебиет жайлы жазбалар

18.08.2016 486

Әдебиет жайлы жазбалар




Әуелгі сөз


акжол калшабек.jpg

Бұл бір «үшбу рисала», «дәфтер хат ғибрат»... Әдебиет жайлы сыр жазу.


***


Стамбол, патша болсаң да, Құддыс, Шамға,

Бұхар мен үкім етсең де Үндістанға,

Ағылшын, қытай, Мәскеу, Римді алып,

Дін түзеп, әмір етсең де бұл жиһанға,

Тұтсаң да жеті ықылымның бәрін тегіс,

Кірерсің ақыр бір күн көрстанға.


(Алтыбас Ақмолдадан Ахмет Байтұрсынұлы көшірген. Байтұрсынұлынан мен көшірдім. Бұл не көшіру? Даналық философиясын көшіру. Жәй почерк көшіру емес).


***


Құран: Ал-Уақиға сүресі, 11-37 аяттар:


11. (Аллаһқа) жақын болғандар.

12. Рахат бағында болады.

13. Әуелгілерден көбісі,

14. Ақырғылардан азы.

15. Олар сәнді төсектерде жатады.

16. Бір-біріне қарап жантайып.

17. (Оларға)мәңгі жас балдар айналып жүріп(қызмет етеді)

18. Бұлақ(шарабы құйылған)тостаған, құмыра кеселермен,

19. Ол бас ауыртпайды, ақылдан айырмайды,

20. Қалаған жемістер бар,

23. Сақтаулы інжу сияқты.

24. Бұл істеген амалдарының сыйлығы.

25. Онда олар лағып айтқан бос һәм күнәлі сөздер естімейді,

26. Тек «Сәлем»,«Сәлем» деген сөздерді естиді.

27. Оң жақпен келушілер.Оң жақпен келушілер кімдер?

28. Олар тікенсіз Лотостардың ішінде,

29. Жемістері салбыраған банандардың,

30. Қою көлеңкелердің,

31. Сарқырап аққан сулардың

32. Мол жемістердің ішінде болады,

33. Ешқашан таусылмайтын һәм ешкім қорымайтын.

34. Олар биік төсектерде жатады.

35. Біз оларды жаңа бейнеде,

36. (Еркек көрмеген) қыздар етіп жаратамыз,

37. Тек күйеуін сүйетін, құрдастар етіп жаратамыз.


Р.S. Құран тілі – көркемдік атаулының Эвересті ғой. Оған теңесер күш-қуат қайда?! Автор құран аяттарын шамасына қарап аударды, әйтпесе, Алла – жаратушы, біз бар болғаны автор ғанамыз...


***


Абайдың әдебиеттегі алтын ережесі мынау болған: «Өнер шарғыға муафих болсын...»


***


Олжас Сүлейменов: ол кетті «Аз и Я» дан (қайда?) «Итал и Я» ға...


***


Хрущев кезінде тұрған «жылымық» («оттепель») әсерінен пайда болған орыс әдебиетінің «алпысыншы жылғылары» («шестидесятники») Андрей Вознесенский мен Евгений Евтушенкодан үзінділер: Андрей Вознесенскийдің түнгі пейзажы:


Сколько звезд!

Как микробов в воздухе...


Е.Евтушенко:


Потеряла Россия в России Россию

Она ищет себя, как иголку в стогу...


Евтушенко «алпысыншы жылғылар» деп: Гагарин, Высоцкий, Сахаровтарды атайды... Қазақтың алпысыншы жылғылары: режиссер Шәкен Айманов, композитор Шәмші Қалдаяқов, суретші Салахаддин Айтбаев, Д.Қонаев, І.Есенберлин, «Жас тұлпар» ұйымы, «Лениншіл жас» газеті, 1975 жылы Нью-Иоркте «Қола Прак синоскоп» жүлдесін алған «Қарлығаштың құйрығы неге айыр»? атты қазақ мультфильмі т.б.


***


Тагор


«Мен өзімнің бос сөз екеніме ұяламын»! – деді Сөз Еңбекке. «Мен өзімнің тым жұтаң, қарабайыр кедей екенімді білемін»! – деді Еңбек Сөзге.


Алаулаған жалынға оның түсірген жарығы үшін рахметіңді айт, бірақ оның көлеңкесінде үнсіз шыдап, сабырлық сақтап тұрған білтені де ұмытпа.


Тазалық ол – махаббат тасқынынан, сезім шырынынан пайда болатын байлық.


Өмір жазғы гүлдердей әдемі болсын, өлім күзгі жапырақтардай тартымды болсын


(Тагорды қарап отырмай қазақшаға аударған автордың нақ өзі)


***


Сұлтанмахмұт:


Підие, зекет, пітірге қапшық болып,

Миллетке микробтігі тие отыруға...

Қазаққа басшымыз дер шляпалар,

Очки сап, портфель ұстап жүрген жандар,

Істеген он тиындық еңбегі жоқ,

Бос мылжың даурықпада қанша мән бар


***


REQUIEM

( Реквием)

1935-1940


..Муж в могиле, сын тюрьме,

Помолитесь обо мне.


(Анна Ахматованың 30 жылдар қасіреті туралы айтқаны. А.Ахматованың күйеуі – орыстың атақты ақыны, акмеизм ағымының теоретигі, кейіннен пролеткульт лекторы – Н.Гумилев, ұлы – атақты кеңес тарихшысы – Л.Гумилев. Шығарма жазылған кезде бльшевиктер ақынның күйеуін атып, ұлын Қарағанды лагеріне қамаған болатын).


***


Машһүр Жүсіп Белинскиді, Көкбай Ленинді, Шаһкәрім Гаспринскиді, Абай Салтыков (щедринді) әжептеуір-ақ дәріптеген екен...


***


Жапон лирикасының кейбір шиырлары:


Кобаяси Исса


Көктемгі жаңбыр –

Жыртып - жыртып тасталынған хат сынды,

Ондағы сөз енді бөтен, жат сынды.


Оосима Реота (1718-1778)


Таңғы самал.

Бозторғай әні биік, тым алыс,

Аспан жаққа асығады мың ағыс.



Мидзухара Сюуооси (1892-1981)


Қарлы шыңдар.

Сакуралар гүлін ашты, құлпырды,

Тыныштықта ұйыған бір мұң тұрды.

Жазғы жырдың тынысын сезініңіз.



Еса Бусон


Қысқа нөсер!

Асып - сасып қалды білем торғай да,

Жапырақты жамылуға болмай ма?



Басе (1644-1694)


Көктемдегі бүрін жарған шиелер,

Менің мұңым – тыңдай алсаң күй егер,

Өлең– қабым ән – жырымды жасырсын.

Ғұмырымның асқар шыңы түсінсін,

Қалпағымды мая шөпке түсірсін,

Азғана сәт аялдайын дамылдап.

Күз дегенің келеді ғой сыбырлап,

Желіккен жел жеткізеді тың ырғақ,

Төсегімде салқын тартып барады.


Бонте ( өлген жылы – 1714)


Қала деген саясы жоқ қапырық,

Ауыр тыныс алғызады жапырып,

Жазғы айдың жетімсіреп сәулесі...


Кавабат Босая (1900-1941)



Жанады да сөнеді,

Ғұмыры оның қысқа көбелек,

Өкпесі көп мына өмірге не керек.


Оосима Реота


Күздегі ай.

Менде өлермін, көңіл соған бекінді,

Тауда өлген қарағайлар секілді.



Миура Юдзура (1729-1783)


Күн батуда.

Кешкі күннің әлсіреген шапағы,

Шегірткелер ұшып - қонып жатады.



Ямагучи Сэйсон (1892-1989)


Күзгі тоғай.

Қарақұмық гүлдері де солыпты,

Бұлттар құсап бір-біріне жолықты.


(Өлеңдерді В.Маркова мен А.Белыхтан алып аударған, таңғажайып қала Токиоға тамсанып қайтқан қазақ – Өтеген Оралбаев (Ө.Оралбаев. «Жақын да алыс Жапония». «Қазақ әдебиеті» газеті, 23. 04. 2010). 951 жылы патша сарайында арнайы жапон поэзиясының ведомствасын құрған бұл халықтан үйренеріміз көп-ақ...)


***


Кеше:


«..кертартпа ағымдар бүкіл әлемдік әдеби дамудың кезең-кезеңдерінде көптен-көп: әдебиеттегі мазмұн дегенді біржола ұмытып, жалаң пішінді ғана қуалаған жат сарынды формализм, оның асқынған түрі – абстракционизм, бұлардың «бел балалары» –әсіресе қызыл экспрессионизм, бет алды лаққан футуризм, дарашыл, күйрек импрессионизм, күңіренген символизм, діни-мистикалық акмеизм, қылтың-сылтың трюкке толы имажинизм, күллі кертартпа ағым атаулының бүгінгі буржуазиялық өнердегі қырық құрау қосындысы – өңі айналдырылып, қайта тысталған түрі – модернизм...» (З.Қабдолов. Әдебиет теориясының негіздері. 1970. 363 б).


Бүгін:


«Модернизм, абстракционизм, авангардизм, экзистенциализм, мифологизм, сюрреализм» сияқты ағымдар өркениетті елдер әдебиетінің тарихында өз ізін қалдырды. Енді осы әдіс-тәсілдерге үрке қарауды қою керек те сияқты. Көркемдік ізденістері алуан түрлі, егемен еліміздің ешкімге ұқсамайтын жаңа дәуірінің ұлттық әдебиетін жасау – алдымызда тұрған зор міндет» (Ш.Ыбыраев. «Әдебиетіміз үдеп жүр ме, жүдеп жүр ме». «ҚӘ» газеті. 1996. №10).


***


Асқар Сүлейменовтің тек әдеби емес ойлары:


Келер қазақтың да ішетін уы мен балы – Абай.

...Мұқағали:

– Екеуімізге жүз жүрмейді, Бізге 99 не 101 жүреді.

– Неге?

– Біліп тұрып сұрау Қадырдың еншісі.


Лигачевша, Лигачев боп жазсаң «Я живу долго потому что читал и читаю одну книгу и один устав – историю ВКП(б) и устав КПСС».


Көшпелі, көшпелі, көшпелі... Сонда, Сауран, Саудакент, Отырар, Созақ, Түркістан, Шымкент, Ташкент, Тараз, Құлан, Мерке, Алматыдағы біздің дәуірге дейін қазылған су жүйелері қайда қалады? Осы біз көрген диқандар, көкпар тартып жүріп мұрап болған, торлама қауынды құранды ердің алғы қасына ұрып жеген жеті аталарымыз қайда қалады? Оратын жерін орған, егетін жерін еккен, жайлайтын жерін жайлаған жұрт болмай ма? Бицивилизация дегенді естіп пе едіңіз?


Поляктар десе қояншығы ұстап қалатын, «Стамбулдың Царьград аталатын күні туады әлі дейтін», Түркменстанды таптап шыққан Скобелевтің жаршысы болған Достоевскийдің Шоқанға жазған хаты күдік те тудырады.


Қызық мінгесулер: еврей — шахтер, ішпейтін орыс, маскүнем – ағылшын, қазақ интеллектуал, Кастро — демократ, Саддам — пацифист, өзбек — жылқышы. ( «Шашылып түскен тіркестер» шығармасынан)


R.S. Асқар Сүлейменов – Мұқағали Мақатаевтың досы, алпысыншы жылғылардың ашытқысы болған тұлға. Рас, Америкадан шыққан Хемингуэй, Созақтан шыққан Асқар емес... Ал, Шалкөдеден шыққан Мұқағали оның екеуі де емес... Келестен шыққан Тоқаш кім, сонда?


***


Ақылы Аплатондай болса-дағы,

Еті мен қымызы жоқ – тақыр інім.

(А.Байтұрсыновтың М.Дулатовқа айтқаны)


***


20-30 жылдар «Алқаның» алқынып, «ҚазАПП»тың бөркі қазандай болған кезі... «Қазапшылар» былай жырлаған кезінде:

Кел ақындар, жолдастар,

Тиейік өлең вагонге.

Қант пен, шай сабындай,

Жеткізейік бар елге.


***


Әдебиет жайлы Мұқағали не дейді?


Что должен имет поэт, чтобы быть поэтом?

Первое: Талант. Талант и образование, эрудицию. Диплом необязательно.

Второе: совесть, чтобы стыдиться сам перед собою, прочтя свои слабые вещи.

Третье: простоту. Пусть не гениальную, как у Пушкина и Абая, но простоту человеческую, чтобы быть понятным другим. Не умничать, не рассуждать а воспеть!

Четвертое: интуицию. Чего не видять другие, увидеть и познать.

Пятое: труд, чтобы постоянно совершенствоваться.

Шестое: дух.

Менің денсаулығым қираған үй сияқты. Әзірше түзелген сиқым байқалмайды. әсіресе, таңға жуық қиын. Кеудемді тас басып жатқандай ауыр, оң жақ қабырғамның астынан әлдене сыздайды. Бауыр ма, өкпе ме білмеймін.

Жүрек! Менің жалғыз тірегім – тек сол.

17 ақпан, 1976 жыл


Бойында бір тамшы таланты жоқ бола тұра, талантты әдебиетшілердің қатарында тұрғысы келгендер ақымақ емес, өз творчествосын бүгінгі күнмен және өзінің ура – патриотизмімен өлшейтін, сөйте тұрып, әдебиетте қалғысы келетіндер ақымақ. Үнемі іздеп жүретін және ылғи әдебиеттегі «бос орынды» тауып ала қоятындар ақымақ. Осы күні талантты адамдар әдебиетте аз роль атқарады. Қазір біздің әдебиетке құлдық ұра беретін құлдар қажет. Олар, әрине, «боразданы бүлдірмейді». Осы күнгі ережелер оларды толық қанағаттандырады. Рұқсатпен жазады, жұмыс істейді. Тамақ ішеді, және жүріп-тұрады. Олар тәртіпті. Өйтпегенде ше, талант буырқанса, ол өз жолымен қозғалғысы келеді және жолдан шығып кетіп, бірдемені бүлдіріп те алады, сондайда құлдар аяқ асты табыла кетеді. Ұятсыздар, олар таланттың «орнын басады» да, орынға отырады да, таланттардың үстінен бұйыра бастайды. О, қандай өкінішті! Одан өткен өкініш болмайды...


1 қазан, 1974 жыл


Әдебиетімізді арам шөптерден тазартатын күн туар ма екен?! Қайдам? Осы күнгі әдебиет нағыз таланттардың әдебиеті емес, пысықтардың, жерлестер мен достардың, жағымпаздр мен қорқақтардың шатпағы. Әдебиеттің көкжиегіне өйтіп-бүйтіп бір алаяқ іліне қалса, ол өзі сияқты бір Санчо-сыншысымақты сүйрелей келеді. Ол «сыншысымақ» белгілі бір уақытқа дейін өз шәркейін сол салада сүйретіп жүріп жатады. Жағдайы барда айпап-жайпап қалуға тырысады. Біреуге жағымпазданады, біреуді қорқытады (өзі де қорқады), содан соң жан-жағына қарайды: жоқ, бұдан әрі бүйте беруге болмайды екен, ол өзінің шатпақайшыл серіктерінің көмегімен ұялмай-қызармай үлкен әдебиетке аяқ салады, сөйтіп енді өзі шығармалар жаза бастайды. Сондықтан бізде ай сайын әдебиетімізде жаңа, бірақ өзі белгісіз, аты-жөнсіз бір «жұлдыз» пайда болып жатады. Ал біз құнарлы топырағымыз тағы бір арамшөпті өсіргенін елемейміз.


Қашанға дейін осылай созыла бермек? Арамшөптерді түп тамырымен жұлып тастауға әлдекімнің батылы жете ме? Менің ойымша, ол бір кісінің ғана қолынан келетін іс емес. Сондықтан мен әдебиетіміздің тазалығы үшін қиналатындарды, азшылық таланттарды мынаған шақырам: Достар, таланттар! Бірігіңдер! Барлық шатпақайшыларға қарсы майдан ашайық! Олардың желеп-жебеушілерін түгелдей әшкерелейік! Ұқсаңдаршы, біздің әдебиетіміз тұншыға бастады!


6 қазан, 1974 жыл


Тәңірім-ай, бізде ақын мен жазушы қаншама? Бәрі де атақты болғысы келеді. Бәрінің де халыққа танымал болғылары бар. Алайда сол әрекеттеріне халықтың қалай қарайтынына бұрылып бір өздері көз салмайды –ау.


Қайран әдебиетіміз қазір не боп кетті? Ол бәрін асыраушы: талантты да, талантсызды да, пенсионерлерді де, тағы-тағыларды. Екі-үш өлеңін алып жаңа жаза бастаған жас келеді, бірер жерге көрсетеді де, бұл істен ештеңе өнбейтінін, өтіп кетудің мүмкін еместігіне көзі жетеді. Сонан соң өз күшін проза жазып байқайды. Ол да алдында алынбас қамалдай тұрып алады. Ашынған, жаңа жаза бастаған жас сонан соң сынға жармасады. Поэзия мен прозадағы беделділердің біріне болмаса біріне жағымпазданудың оңай еместігін біліп, ал сын саласын ыңғайлы, әрі тиімді санайды. Сонымен өз әрекетін бастап кеп жібереді. Кейде тіпті біреуді (әрине, онша қауіпті емесін), яғни қызметі жоқты, қорқытып та тастайды, сөйтіп күндердің күнінде біздің әдебиетіміздің «білгіші» болып шыға келеді. Және әдебиетімізге пікір айта бастайды.


Мен кейде дүмбілездердің әдебиетке қандай жолмен келгенін, кімнің бақшасында өскенін, кімнің қанаты астында қатайғанын, оның қамқоры кім екенін, бүкіл кезген жолын зерттегім келеді, әттең, уақытым жоқ...


Бұлай бола беруі мүмкін де емес. Түптің түбінде бәрінің де ақыры болады, шыда, күт...


26 қаңтар, 1975 жыл


Көркем сынсыз көркем әдебиет өмір сүрмейді. Сын өз мойнына талай нәрсені алуға тиіс.


Сын қазы да, адвокат та болуы керек, ал қажет болса қалған жағдайда ол өте қатал, мейірімсіз айыптаушы да бола білуі керек. Әйтпесе, әдебиет, жалпы өнер атаулы алғашқы қоғам құрылысын елестетеді. Әркім өз білгенінше, әйтеуір сезікпен, көркем еместігін және жақсы еместігін біле тұра әрекет жасайды. Ойпырым-ай, қоймайды-ау қоймайды. Соның бәріне сын кінәлі. Бізде дұрыс сын жоқ. Тек жағымпаздар бар.Олар беделділерді мақтау үшін өзара жарысқа түседі. Олар сол арқылы әдебиеттің асырауында өздерінің қала беруін қамтамасыз етеді. Бұл урашыл-сыншылар көркем шығарманы шатпақтан ажырата алмайды. Олар үшін автор бірінші орында тұрады. Оның кім, қандай қызметте екеніне көңіл аударады. Ал ондай шатпақайлардың көлеңкесінде таланттар бірте-бірте сөне береді.


Өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға белгілі бір көзқарасы жоқ адам ақын емес. Ондай адамның өзін ақын ғана емес, қоғамның ойлай білетін азаматымын деуге де хақысы жоқ.


Қазіргі нағыз ақын алдымен ойшыл, яғни философ болуы қажет. Поэзияның жалаң сұлулығы жалаңаш сұлуға ұқсайды. Оған тек таңдана қарауға ғана болады. Ақынның міндеті суреттеп шығу, баяндап беру емес, қайта сол сұлулықтың құпиясын, оның ар жағындағы нақ сол жасырынды ашып беруде. Осы заманғы ақын, тәжірибиелі құбылнамашыдай уақыт тамырын дәл басып, дәуірдің, қоғамның дертін өз дертіндей қабылдауға тиіс. Поэзияда философ болу деген сөз, өзін қоршаған әлемді ұғыну, әр заттың мәнін білу. Алайда салқынқанды, ақылгөй философ болу жарамайды, ақырына дейін «адам жанының инженері» болып қалу керек.

16 ақпан, 1976 жыл

(Мұқағали Мақатаев. Күнделік, Алматы: Жалын, 1991)


***


Тағы да Мұқағали: Жүрегім – Африка, бауырым – Кипр, миым Мұзды мұхиттай...


***


Настоящей серьезности человек достигает, только когда умирает. В.В.Розанов.


***


Бұралаң тарих: Ұлы Отан соғысы кезінде Бауыржан Момышұлы деген қазақ Мәскеу түбінде немістерге күйрете соққы беріп, орыс жазушысы А.Бек оның жатқа айтуымен 1942 жылы «Волоколамск тас жолы» атты повесть жазып, 1943 жылы оны «Знамя» журналында жарияласа, осы кезде Мәжит Айтбаев деген тұтқын, эмигрант, жазушы қазақ Берлин қаласында «Түркістан ұлттық бірлік комитетіне» мүше болып, «Милли әдебиет» альманағының бас редакторы қызметінде жүріп, 1943 жылы Берлинде «Абылай хан (дастан) және басқа өлеңдер» атты кітап шығарған.


***


Қара өлеңнің қара иірім даналығынан:

Ай батса қалар дала күңгірт болып,

Көктемде қой өледі қылқұрт болып.

Барында оралыңның ойнада күл,

Қалармыз бізде бір күн жым-жырт болып.


***


Бейсенбай Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихының мұзжарғыш кемесі болған...


***


Филологтың ғарыш туралы айтқаны: «Тоқтар Әубәкіров – дулығаны скафандрға ауыстырған батыр қазақ».


***


Тәкеннен:Дүрмек бар жерде даңғой бар.Соқыр тауықтың талғамы дананы танымайды, жемді таниды. Бұлбұлға есектен ән үйрен деп ақыл айтқан қарға өзінше ағынан жарылған.


***


Модернизм


В.Хлебников: Бобэоби пелись губы; А.Крученых: Дыр буль щыл (убещур) скум; Қиясбай: Айдалада ақ қасқыр опақ-сопақ, Ақ сиырдан туады жирен айғыр, Аспанда ителгі құс пішен жейді; «пролеткультші» Маяковский: Я меряю по коммуне стихов сорта; R.S. «Шолпан» Дарвинді мақтайды. Л.Толстойдың «Воскресение» атты романының кейіпкері, төңерісшіл Набатов «тезектің бидай дәніне, бидай дәнінің тауыққа, итбалықтың құрбақаға, құрттың көбелекке, жаңғақтың еменге айналатынына» сенген, бұндайға тек сюрреалистер мен футуристер ғана сенеді.


***


Совет (кеңес) фольклоры: «ВКП(б) –все кончится погромом (большим)», «Серп и молот – смерть и голод» («АиФ» газеті, №20, Май, 1996).


Ұлы Отан соғысы кезіндегі фольклордан:


Әнгреннен ат келді,

Ат жалында хат келді.

Апармай кеткір қу пойыз,

Апарып тастап бос келді.

(Сөлтай әжем)


***


Өтірік – пүліш, шындық – қылыш (Қадыр Мырзалиев).


***


Синекдоха: «Қызыл пагон» Москва өлді. «Бесжұлдыз әдебиет» тарқады. Пролетукульт күл-талқан болды.


***


Жұлдыз Самырат: автордың әдеби бүркеншік есімі.


***


Толстой


Бывают люди машинные, которые отлично работают, когда их приводят в движение, но сами не могут двигаться.(Машина тектес адамдар болады, қозғалысқа түсірсе болды мүлтіксіз жұмыс істейтін, бірақ өз беттерінше қыбыр ете алмайтын).


Һашия:Толстой қуыршақ адамдар туралы айтып жатыр...


Если бы цель жизни состояла только в том, чтобы люди переделывались из детей в стариков, то люди не умирали бы до старости. (Егер өмірдің мағынасы жас адамның қартаюында ғана болса, онда адамдар қартайғанша өлмес еді). Р.S. Өмірдің тек ішіп-жеуден тұрмайтындығын дәлелдейтін қарапайым қисын.


Воспитание. Стоит заняться воспитанием, чтобы увидать все свой прорехи. А увидав начинаешь исправлять их. А исправление самого себя и есть найлучшее средства воспитания свойх и чужих детей больших людей.


Женщина делает большое дело: рожает детей, но не рожает мыслей, это делает мужчина. Һашия: Бұны Клара Цеткин оқымаған ғой...


Все мы думаем что наша обязанность, призвание – это делать разные дела: воспитать детей, нажить состояние, написать книгу, открыть закон в науке и.т.п., а дело у всех нас только одно: делать свою жизнь, сделать так, чтобы жизнь была цельным, разумным, хорошим делом. Һашия: Құдай-ау, соған қолымыз тимей жүр ғой... алдыңғыларына айналып.


Будущего нет. Она делается нами. (Болашақ деген болмайды, оны бүгін жасайды)


Дело жизни не в том чтобы быть великим, богатым, славным, а в том чтобы соблюсти душу. (Өмірдің мәні ұлы болу, бай болу, атақты болу да емес, жан дүниеңді кірлетпей, таза ұстауда).


Жизнь есть умирание. Хорошо жить – значить хорошо умирать. Постарайся хорошо умирать. (Өмір ол – өлу. Жақсы өмір сүру деген – жақсы өлу деген сөз. Жақсы өлуге тырыс).


Человек не знаеть что хорошо, что дурно а пишет исследование об упавшем аэролите и о пройсхождении слово «куколь». (Адам қызық. Не жақсы не жаман екенін ажырата алмай тұрып, опат болған аэролит пен «куколь» (арам шөп түрі) деген сөздің шығу тегі жайында зерттеу жүргізеді).


Человек, взрослый человек, без религиозного мировозрения, без веры есть духовный, нравственный калека, он можеть делать то, что свойственно человеку, можеть жить только блогодоря искусственным приспособлениям: забавы, искусство, похоть, честолюбие, корыстолюбие, любопытсво, наука. И такой человек – как и калека – всегда во власти всех, с ним можно сделать все, что хочешь. И такава вся наша, вся европейская (и американская) интеллигенция – калека ни во что не верит, ничего не умеет делать, кроме пустяков, но знает, что ей надо жить. И жить она можеть только чужим трудами. Заставить же кормить, содержать себя она может только людей тоже без религий. И потому все усилия ее направлены на то, чтобы или извратить ту веру, которую имеет народ или совсем лишить ее народ. Первым делом специально занято духовенство, вторым ученые: наука, литература, искусство. Постскриптум: «кеңестік дәуірде бүтіндей осы еуропалық зиялы қауым мектебінен машықтанып шыққан, біздің зиялы қауымның халі нешік, сонда?» деп сұраудың өзі ыңғайсыз екен.


Вера в авторитеты делает то, что ошибки авторитетов берутся за образцы. Һашия: Қазақияның тарихы осындай авторитеттердің қателігіне толы болмаса не ғылсын... Біздің «Атекем біледі» сияқты нәрсе ғой... Қараңыз: (Мейірхан Ақдаулетұлы, «Этнографиялық жасырынбақ...» немесе «намысшыл зиялыларға құлаққағыс» // «ҚӘ» газеті, 7 қаңтар, 1998 жыл).


Удивительное дело: я знаю про себя, как я плох, и глуп, а между тем меня считают гениальным человеком. Каковы же остальные люди? Р.S. Бұндайды тек Толстойдан естідім.


Обыкновенно говорят: это очень глубокомысленно и потому не вполне понятно. Это не правда. Напротив. Все то, что глубоко, то ясно до прозрачности. Как вода, которая бывает мутна на поверхности, а чем глубже, тем прозрачнее. Р.S. Бұған «күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарған» Мұқағали жырлары дәлел.


Толстойдың мінәжәті: «Помоги, бог мой. Научи. Одного хочу – делать не свою, а твою волю. Пишу и спрашиваю себя: правда ли? Не рисуюсь ли я перед собой? Помоги, помоги, помоги». (21.07. 1909). Р.S. Толстойды көп оқи бермеу керек. Әйтпесе әдебиетпен айналыса алмай қаласың. Әдебиетпен шын айналысам деген адамның ақиқатында Толстойдан аулақ жүргені абзал.


***


XX ғасырдағы қазақ прозасында екі бағыт болды. М.Әуезов һәм Ж.Аймауытов бағыты. М.Әуезов бағытында М.Мағауин, Ж.Аймауытов бағытында О. Бөкей жазды. М.Әуезов бағытында алдында Л.Толстой, Ж.Аймауытов бағытында Н.Лесков жазған еді. Бұл екі бағытты Б.Эйхенбаум: «игровой филологизм Лескова, словесный аскетизм Толстого» деп тарқатқан болатын. Ол рас.


***


Шедевр – тұтас кезең жемісі. «Қартқожа», «Батыр Баян», «Оян, қазақ», «Айтыс» – алашорда кезеңінің мәністі мәнерлерінен. І.Есенберлин, О. Бөкей прозасы, Мұқағали лирикасы, М.Шаханов балладалары – «алпысыншы жылғылардың» айқын қолтаңбасы. «Алпысыншы жылғылардан» кейін арнайы әдеби кезең қалыптанған жоқ. Сондықтан да шедевр жоқ. Қалыптасу жүріп жатыр. Ол міндетті түрде болады. Ендігі кезең – тәуелсіздік кезеңі. Кім оған ілінеді? Белгісіз. Алмас қылыштай қаламдар әр жерден-ақ жарқылдайды...


Бірақ, тарих пердесі толық түрілмей тұр, әзірше.


***


Сыншы қандай болу керек? Ж.Аймауытов пен Т.Әлімқұлов сияқты болу керек.


***


Тәуелсіздік тұсында маған ұнаған көркем дүниелер: Асқар Сүлейменов жайлы «Парасат падишасы» атты естеліктер, М.Мағауиннің «Салахаддиннің үкімі», «Коммунистік реализм» атты әңгімелері, Х.Оралтайдың «Елімай-лап өткен өмір», Рамазан Тоқтаровтың «Бітеу жара», М.Шахановтың «Желтоқсан эпопеясы» романдары, Мұхамеджан Тазабеков айтыстары, Нұрлан Мәукенұлы лирикасы, Жүсіпбек Қорғасбектің редакторлығымен шыққан «Қазақ әдебиеті» газеті, Көпен Әмірбек сатирасы, Бауыржан Момышұлының 30 томдығы, Шерхан Мұртаза мен Камал Смайыловтың газет бетінде жазысқан хаттары, Тұрсын Жұртбайдың «Құнанбай» кітабы, Мұқағали күнделігі, Мархабат Байғұттың «Ақтолғай» ғұмырбаяны т.б.


***


Реализм ол бар болғаны – «мимесис» ( «табиғатқа еліктеу») ғана ғой (Аристотелдегі).


***


Ай – қап


«Тіл, әдебиет – дүниедегі барлық бақыт, сығаттың, ғылым, өнердің, дін уа мәдениеттің асыл ұршығы дүр» (Ғұмар Қараш, Айқап, 1911, №10).


***


Б.Момышұлы


Тексізден тезек артық.

Арсыздан айуан артық.

Көп тұрған су сасиды, ойламаған ми сасиды.

Өтіріктің балын жалап тірі жүргеннен, шындықтың уын ішіп өлген артық.

Бақаның бағынан сұңқардың соры артық.

Соғыс – халықтың күш-қуаты мен ерік-жігерін сынайтын ұлы емтихан.

Һашия: Бауыржан – рух қой! (М.Мырзахметұлы)


***


Образ


–Когда рисуют дети, образ человека получается у них смешным, неумелым, но они передают характер, свое отношение. Ты далеко не ребенок, но образы твои безлики и расплывчаты. Когда у человека нет своего лица, я ему не доверяю. Понимаю, почему такое происходит именно с тобой.

– Почему? – Я был уже готов обидеться.

– Потому что все твои герои и персонажи взяты не из жизни, выдуманы. Перед тобой не было ни реального человека, ни действительных событий, не пережитых чувств. Ты можешь возразить, что писал-де обобщенный образ, так ведь и здесь действует тот же закон. Выходить, ты сочинял. В обобщенном образе сливаются схожие характеры, а чужеродные он отторгает. У тебя и отторгать как будто нечего, поскольку у тебя в руках не было ни остова человеческого, ни плоти, так что не могло получиться ни души, ни лица. Чтобы, твое творение не развалилось на глазах, ты склеиваешь его части, покрываешь лаком, сшиваешь белыми нитками, обматываешь блестящей фольгой, красишь аляповатыми красками, считая, что это красиво, и выпускаешь в белый свет. И в этом ты похож на базарных живописцев, изображающих на клеенке оленей, лебедей и русалок.

– Ну спасибо, – сказал я. – Почему же меня все-таки печатают?

– Потому что за гримом клоуна видят, наверно, подобие человека, верят и надеются, что со временем ты выбросишь русалок и напишешь живую хорошую женщину без сазаньего хвоста.

Я расхохотался, но про себя решил, что обязательно, и в ближайшие дни, поговарю с ним о женских образах в литературе.

Отец скупо улыбнулся и добавил:

– От незнания, сынок, лезут в книги восковые фигуры. Натужные персонажи присутствуют когда сам автор пыжится.

– По твоему, я позер? – спросил я, основательно задеты.

– Изрядный, – спокойно ответил отец. – Естественности в тебе нет. Ты видимо, считаешь искусством то, что искусственно, а человек хорош, когда он похож на себя. Пиши так, как ты ведешь себя в жизни, как держишься с людьми, тогда твои герои станут естественней и, возможно похожими на тебя, а потом ты научишься делать рельефными и убедительными образы других людей, даже очень чуждых тебе, не похожих на тебя ни в чем. От себя подобных ты пойдешь дальше, от человека к человечеству, от судьбы – к истории, от прошлого – к настоящему и будущему. Это будет рост, сынок, и человека и художника, каковым ты всерьез собираешься стать.

– Меня уже сейчас считают писателем, – сказал я.

– А ты сам?

Я промолчал, потому что этого высокого звания я еще ничем не заслужил, что три тонкие книжки не дают мне права называться писателем и я еще так мало знаю в своем деле... Словом, было еще много сомнений...

– Твое молчание – красноречивый ответ, – заметил отец. – Отсидеться за миражами воспаленного ума ты все равно не сможешь, лучше поскорей пробудиться и прозреть. Сам видиш, идут огромные созидательные процессы, самоизолироваться от них преступно. Но писать о них нужно с глубоким пониманием, а это значит учиться, не останавливаться на месте. Я рад, что ты кое-что понимаешь, однако нужны глубокие знания диалектических процессов, чтобы они вошли в твою жизнь и прозвучали правдой в творчестве. Не надо прятаться от жизни страны, от боли планеты. Ты думаешь, в литературе есть только образы героев? В литературе есть еще и образы времени, образы природы, образы языка, образы логики, образы эмоций, и без авторского отношения к ним книги не будеть.

– Мне прежде надо разобраться в себе... – сказал я.

– И долго ты собираешься копаться? – прищурилься отец. – Пора уже отдавать. И отвечать за содеянное. Скажу проще: не верю, что сможешь ты написать светлый рассказ о детях сразу после того, скажем, как незаслуженно наказал Ержана; не напишешь нежно и уважительно о женщине, если только что грубо и обидно обошелся с Зейнеп; потеряешь право написать гордые и хорошие слова об отцах, если нахамил мне; преступно будет писать высокие слова о Родине и наших святынах, если ты запачкал свой язык клеветой на нашу жизнь. И так во всем, сынок. За писательскую, да и за любую работу надо браться, когда у тебя сердце и руки чистые и совесть белая и целомудренная. Тогда и ненависть у тебя перестанет быть лакейским чувством, перерастая из мести в возмездие. Я прошу тебя запомнить эти слова. Такую гармонию, очень, правда, нелегкую, надо постигнуть сердцем, тогда мы будем иметь дело с подлинной гражданской позицией художника. Если говорят о творческом кризисе писателя, значит, в чем-то им самим нарушена эта четкая гармония. Если говорят о творческой неудаче автора, то я начинаю думать, что в чем-то большом он изменил себя, где-то сломался, пошел не тем путем и перестал быть искренним. Даже о самом болезненном и трудном можно написать достойно, и люди поймуть тебя правильно, если ты не злопыхатель. Мы должны честно и прямо говорить о наших промахах и ошибках, непременно указывая выход. (Бахытжан Момыш-улы. Восхождение к отцу. Алма-ата, Жалын, 1986. с.154-156).


***


Нет магии сильней, чем магия слов. А.Франс.


***


Шерханның шерлері:

Өлгеннен соң байдың да сүйегі аппақ, кедейдің де сүйегі аппақ.

Шындықты бұрмалаушылар көдеден де көп.

Қып-қызыл өтірікті көтере беретін осы дүние ғана.

Улы араның денесінен бал тамшылайды.

Тікені ащы сояудан раушан гүлі жұпар шашады.

Бізге үлкен ел, ұлт болу үшін әр ру өз туын шошаңдата берсе сол – қайғы. Көп ту Көк туды құлатады. Мемлекет біреу. Ту біреу. Басқаның керегі жоқ.


***


Жас буын:


Нұрлан:


Орман селт етіп оянды –

Жасыл нұрға боянды.

Нажағай жарқ етіп оянды –

Қызыл нұрға боянды.

Көктем келген екен,

Қыс өлген екен...

Жұлдыздардың сүрлеуі

Толтырғанда ай маңын,

Түнгі желдің үрлеуі

Толқытты аспан қаймағын...


Гүлнәр:


Бүгін де ештеңе жаумайды –

Бостықты қуып.

Қарғалар өртенген өлеңнен аумайды

аспанда туып...

Бүгін де көшелер тасиды,

Бағдаршамдарға бағынып,

Көлемсіз көңіл жасиды –

жоқты сағынып.

Бүгін де барлығым белгісіз,

өмір өнбейді...

Қайдан табасыз енді сіз

мендейді?...

Һашия: Жастар бар... Злиханың «Кейіпкер» әңгімесі зор. Р.S.

Жарас Сәрсек, Ерлан Жүніс тағы бар... Р S. Р.S. Ұларбек Дәлей ше?

...Қиялшаң өмірім,

Үмітшіл тағдырым,

Түк емес, ей, өмір жасаған тарлығың!

Оралмас қайсы бір уақытқа елеңдеп,

Іздегем мен сені

Іздегем өлеңнен...

Сұрыңнан қорқамын табыттай көнерген,

...Алты қаз тағы ұшып барады төбемнен...


Босатшы мені, ей, уақыт!


Бағашар Тұрсынбайұлы ше? Ырысбек Дәбей, Бауыржан Қарағызұлы, Һәм Тоқтарәлі Таңжарық, Бейбіт Сарыбай, Һәм Серікбол Хасан... Осылардың бәрінің Қаламы бар екен. Қалам демекші...


***


Қалам


Ол (адамға) қаламмен (жазу-сызуды) үйретті ( Құран, 94/4). Ғалымдар айтады: Үш түрлі қалам бар. Біріншісі – Алла қолымен жаратқан қалам. Ол қалам дүние жаратылғаннан бастап, Қиямет күніне дейін болатын нәрселерді жазған. Екіншісі – Алла періштелерге сыйлаған қаламдар: олар болмыстарды, амалдарды, тағдырларды жазады, үшіншісі – адамдардың қаламдары. Бұларды Алла адамдарға сыйлады. Олар өз сөздерін жазады және басқа да мақсаттарына пайдаланады. Қалам – Алла Тағаланың ұлы нығметтерінің бірі. Егер қалам болмаса дін де тұрғызылмас еді, тіршілік те түзу болмас еді. Бұл нығмет Алла Тағаланың шексіз жомарттығын білдіреді. Ол пенделеріне білмеген нәрселерін үйретіп, оларды надандық қараңғылығынан білім нұрына шығарды. Сондай-ақ жазу білімінің артықшылығы туралы да баса айту керек. Бүкіл ғылымдар, даналықтар бұрынғылардың хабарлары мен айтқандары жазу арқылы ғана сақталды. Егер жазу болмағанда діннің де, дүниенің де істері тұрақты болмас еді. (Һашия:Қалам ұстайтындар ойлансын... Қалам ойыншық емес).


***


Түйін


Сана тазарса әдебиет таранар еді. Әдебиет тарану үшін алтын тарақ керек. Сана тазару үшін жұмсарған жүрек керек. Әдебиет – айна. Ішкі сарайыңның айнасы. Ішкі сарай көмір болса, әдебиет – көмір, ішкі сарай алтын болса – алтын, темір болса – темір, бізге іші – алтын, сырты – күміс әдебиет керек, ағайын. Сырты – бүтін, іші – түтін әдебиеттің керегі жоқ. Жаңа заманның, жаңа ойдың жаршысы болатын асыл сөз керек. Жаңа ой – ақиқатпен жаңарып, өтірігі өлген ой. Ондай ой – былғаныш, ауру яки өлі жүректен шықпайды. Жаратқанның қасиетті жазуына бойұсынған, саф таза, сау жүректен ғана шығады.


***


Тәмәм.


Ақжол Қалшабек, 

филология ғылымдарының кандидаты, доцент.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар