Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Бүгін «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталады

22.06.2016 207

Бүгін «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталады


tyil_jane_bak__-300x198.jpg

Бүгін, яғни 22 маусым күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін өткізеді.


Марапаттау рәсімі ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтау сөзімен ашылады. Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, зиялы қауым, БАҚ өкілдері, ғалымдар, жазушылар және байқаудың жүлдегерлері және т.б. қатысады. Шараның концерттік бөлімінде еліміздің танымал әртістері өз өнерлерін көрсетеді.


Шара Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 15, «Hilton Garden Inn Astana» қонақ үйінде, «Garden 3-4» залында кешкі сағат 16.00-де басталады. 

Біздің Telegram-парақшамызға. жазылыңыздар!

Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар

Ең көп талқыланғандар