Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Астанада Зуқа батырдың 150 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция мен мүшәйра өтті

14.06.2016 374

Астанада Зуқа батырдың 150 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция мен мүшәйра өтті

Бүгін, 14 маусымда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және «Зуқа батыр Сәбитұлы» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Зуқа батыр Сәбитұлының 150 жылдық мерейтойына орайластырылған тақырыптық көрме, «Тәуелсіздік арманы және Зуқа батыр» атты халықаралық ғылыми конференция мен мерекелік концерт өтті.


Зуқа батыр халықаралық ғылыми конференция.JPG

Биыл Алтай өңірінде ерлікпен қаза тапқан, еліміздегі және жырақтағы қазақ баласын Алаш идеясының астына біріктіріп, ұлт-азаттық көтерілістерге бастаған қаһарман ұлдардың бірі - Зуқа Сәбитұлының туғанына 150 жыл толуы тәуелсіздіктің 25 жылдығына тұспа-тұс келуде.


Зуқа батыр халықаралық ғылыми конференция4.JPG

ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүген Зуқа батыр - ел-жерімен бөтен жұрттың бодандық езгісінде қалып қойған қазақтарды аумалы-төкпелі заманның алуан түрлі апатынан қорғап, басшысыз, биліксіз, қорғансыз, қарусыз халқын жан-жағынан талап, тонап, басымшылық көрсетіп қанаған үстем өкіметтің өктемдігінен қызғыштай қорып, қажет кезінде қарсы тұрып, әлеуметтік теңсіздіктермен өмірінің соңына дейін бел шешпей, аттан түспей аяусыз күрескен қайраткер, қолбасшы тұлға, қайсар батыр болған.


Көрме. Тұсау кесу.JPG

Зуқа батыр халықаралық ғылыми конференция1.JPG

Зуқа батыр халықаралық ғылыми конференция2.JPG


Көрмеге қазақ диаспораларынан делегациялар, еліміздің белгілі ғалымдары мен қоғам қайраткерлері және республикалық БАҚ өкілдері қатысты.

Зуқа батыр халықаралық ғылыми конференция5.JPG

Зуқа батыр халықаралық ғылыми конференция7.JPG


«Зуқа батыр Сәбитұлы» қоғамдық қоры Музей аясында 2016 жылдың 14 маусымы - 14 тамызы аралығында, тәуелсіздік пен сол тәуелсіздік жолындағы ерлердің ерлігін дәріптейтін көрме ұйымдастырылaды. Көрменің ашылуына орайластырып «Мәңгілік ел арманы және Зуқа батыр Сәбитұлының өмірі мен күресі» атты халықаралық ғылыми конференция, жаңа шыққан кітаптардың тұсаукесері, жас дарынды ғалымға стипендия тағайындау рәсімі мен шығармашылық бәйге жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Мүшәйрада жүлделі орындар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.


Мүшәйраның қорытындысы “Поэзия” аталымы бойынша І орынды – Ұларбек Дәлейұлы мен Үмітбек Бағдатұлы бөлісті, ІІ орындыЕрлан Нұрдықанұлы мен Ұмтыл Зарыққан иеленсе, ІІІ орындыАмангелді Мұратбек, Ауыт Мұқибек және Ұларбек Нұрғалым иеленді.

Сонымен бірге, Əскерхан Ақтай, Ербол Бейілхан, Ержан Жаубай, Оралхан Жəнібек, Гүлсамал Аймаханова қатарлы ақындар ынталандыру сыйлығымен марапатталды.


“Проза” аталымы бойынша, І орын – батыр жайлы кітап жазып, қалам тербеген Бақытбек Бәмішұлы, ІІ орындыЫқылас Ожайұлы мен Бодаухан Тоқанұлы  иеленсе, ІІІ орындыЗаңғар Кәрімхан, Талғат Кеңесбай және Қуандық Шамақайұлы сынды қаламгерлер місе тұтты.

Бұл аталым бойынша ынталандыру сыйлықтары – Нəзира Байырбекқызы, Бақытбек Үйсіпұлы, Елдос Тоқтарбай, Рахметуллин Еркін,  Барлық Шынғазы қаламгерлерге берілді.


"Үздік əн" аталымы бойынша, талғамды туындысымен оқ бойы озып шыққан белгілі сазгер Ерғожа Тілепбердиев иеленді. Байқау нəтижесі бойынша елімізге танымал ақын, жазушылардың таңдаулы туындылары жүлдеге ілініп, ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен қатар қаржылай марапатталды.



Іс-шара мерекелік концертпен ұласып, батырдың рухына арналған ауызашар кешімен жалғасты.


Қолдаушылар: Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы, Республикалық ардагерлер кеңесі, «TÜRKSOY» Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы және Астана қаласы әкімдігі.


adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар