25 мамыр 2018
Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Дэн Браунмен «Да Винчи коды» жайында сұхбат

14.06.2016 240

Дэн Браунмен «Да Винчи коды» жайында сұхбат



- Сіздің бұрынғы жазылған шығармаларыңызбен әлі таныс емес оқырмандарыңызға «Да Винчи кодын» қалай сипаттап бере аласыз?


- «Да Винчи коды» романында Гарвардтық танымал символист Роберт Лэнгдонның Лувр мұражайындағы Да Винчидің картинасына байланысты құпия символдарды зерттеуі туралы оқиғалар баяндалады. Ол барлық уақытта адамзат үшін аса маңызды құпияның кілттенген кодын табуды мақсат етеді. Шешім іздеу жолында ол көптеген нұсқалардың ішінен адасып жүріп тапқан жалғыз және соңғы жолы осы шығарманың оқиғасына арқау болады. Бұл романда барлық тарихи фактілер мен деректер, нысанаға алынған картина тарихы және жасырын ритуалдар сияқты шығармаға арқау болған әрбір нәрсе өте ұқыптылықпен пайдаланылды. Бұл романда негізінен Да Винчидың атақты суреттеріндегі құпия кодтар ашылады.


- Сіздің болашақта шығатын кітаптарыңыздан Роберт Лэнгдонның бейнесін қайта көре аламыз ба?


- Әрине, бұл характер менің көп жылдар бойы ізденісте жүріп тапқан образым болды. Оның символдар мен иконографияға деген қызығушылығы оған экзотикалық тарихи орындардан таңғажайып, мәңгілік оқиғалар тізбегін ашуына мүмкіндік берді. Қазір менің ойымда Роберт Лэнгдонның ашқалы жатқан кезекті құпия орындарының эскизы бар.

Ия, қазір мен «Да Винчи коды» сериясының жалғасын жазу үстіндемін. Бұл романда оқиға Роберттің Америка топырағындағы кейбір құпиялармен қақтығысып қалуымен басталады. Бұл шығарма біздің ұлттық астанамыздың жасырын тарихын ашуға негізделеді.


- Сіздің болашақтағы кітаптарыңыздан культтық құпияларға байланысты, мысалы, Нумерология, Пифагорлық түсініктер немесе Каббализмге байланысты тағы да осындай көркем зерттеулерге құрылған дүниелер көре аламыз ба?


- Бұл тақырыптар өте тамаша. Шындығында, менің Лэнгдоным бұндай жасырын жатқан дүниелерді терең зерттеуге міндетті түрде баратын болады. Бірақ, есіңізде болса осы «Да Винчи кодында» кейіпкердің Каббалистикалық нумерологияны ашқан сахнасы бар. Бұл кітап сондай-ақ басқа да секталардың осыған ұқсас өте терең жасырылған құпия кодтарын ашуға тырысады, кейін оқығанда қызық болмай қалмас үшін мен олардың есімдерін қазірше айтпай-ақ қояйын.


- Жалпы, «Да Винчи Коды» шығармасы сіздің осы тақырыпқа ерекше ынтаңыздан туған дүние. Бірақ жоғарыда айтылып өткен жасырын кодтар мен символдар немесе деректер шындығында дәл қазір біздің қарапайым өмірімізге әсер етіп жатыр деп ойламайсыз ба?


- Мен осы романды жазу үстінде қаншама тарихи деректермен зерттеу жұмысын жасадым, сонда менің түсінгенім жалғыз нәрсе ол біздің білеміз деп ойлайтын тарих негізгі шындықтан әлдеқайда алыс жатыр екен. Ал шынайы болмыстың кілті ол біздің айналамыздағы музыка, бейнелеу, архитектура өнері мен аңыздарында жатыр. Роберт Лэнгдонның сөзімен айтқанда «Құпиялар әрбір жерде кездеседі».


- Егер, оқырмандарыңыз сіздің бүкіл шығармаларыңызға арқау болған Массондық құпия ұйымдар туралы тереңірек білуді қаласа, оларға қандай кітаптар ұсынар едіңіз?


- Олар туралы жазылған кітаптар өте көп, бірақ ең бірінші қайсысынан бастау керектігін анықтау өте қиын, себебі әркімнің талғамы мен деңгейі әртүрлі ғой. Және Массондықтар тақырыбы өте терең түсінуді талап етеді, мен оқырмандардың бауырластықтар туралы тек тобырлық деңгейге арналып жазылған сапасыз жұмыстарға арандатылып қалуынан қатты алаңдаймын. Мен жинақы және таза ақпараттар беретін «Массондардың құрылуы» дегенді ғана ұсына аламын. Егер сіз расында бауырластыққа сенетін болсаңыз онда кейде біраз нәрселерді жасырып қалуға тура келеді.


- Өзіңіз дәл қазір қандай авторларды оқып жүрсіз? Кім әсер етіп жүр?


- Бұл сұрақ маған өте оғаштау естіледі, себебі мен көркем шығармаларды мүлде сирек оқимын. Мен жазып жатқан дүниелеріме байланысты көбінесе уақытымды деректі әдебиетке арнаймын. Мысалы, тарихи оқиғалар, өмірбаяндар немесе көне жазулардың аудармалары сияқты мүмкіндігінше менің болашақ туындыма ақпарат болатын дүниелер оқимын. Бірақ мені аса таңғалдыратын және шабыттандыратын көркем әдебиеттің өкілдері бар. Олар Роберт Ладлэм және Джон Стейнбек. Роберттің интригасы, ал, Джонның суреттеуі қызықтырады. Сонымен қатар, әрине, Шекспир пьесалары бар.


- Қандай кітап сіздің өміріңізде ерекше әсер етті және не үшін?


- Мен колледжді бітіргенге дейін тек қана классикалық бағыттағы ескі шығармаларды оқып жүрдім. 1994 жылы Таити аралына демалыс алып, жағажайда жүргенімде ойламаған жерден қолыма Сидни Шелдонның «Ақырзаман» романы түсті. Бірінші бетін аштым, екінші бетін, содан кейін келесісін... Бас ала алмай оқып отырып толық бір сағаттың ішінде аяқтап тастадым. Өзіме қатты таңғалып тұрып сол сәтте басыма мынандай ой келді, «Ей, мен де бұны жаза аламын». Сөйтіп, мен үйге орала сала алғашқы романым «Сандық бекіністі» бастап кеттім. Ол 1996 жылы жарық көрді.


- Сіздің сүйікті 10 кітабіңіз туралы біле аламыз ба?


«Тышқандар мен адамдар» (Джон Стейнбек) - Қарапайым, жұмбақтау, өткір. Жас жазушы үшін әрбір тарауы әсерлі суреттеу тәсіліне баулитын үлкен бір шеберлік мектебі сияқты. 

«Гёдель, Эшер, Бах» (Дуглас Хофштадтер) - Мен бұл шығарманың тек 3% ғана сүйсініп отырып түсіндім.

«Каин және Авель» (Джеффри Арчер)- Арчердың шығарманы баяндау тәсілінсіз оқырманды қалай ұзақ ұстап отыратынына мен әлі таңғалумен келемін.

«Плам аралы» (Нелсон Демилл) - Ол бұл шығармасы арқылы оқырмандарына шындықтың шебер суреттелуі мен кекесін юморды және тамаша авторлық көзқарасты қалдырды.

«Борн идентификациясы» (Роберт Ладлэм) - Бұл ертерек шыққан өте күрделі, терең туынды менің алғаш рет триллер жанрына деген қызығушылығымды оятқан болатын.

«Тыныштықтың шуы» (Уильям Шекспир) - Мен ағылшын мұғалімі болып және осы туралы оқушыларыма сабақ берместен бұрын бұл пьесаның қандай тамаша туынды екенін түсінбей келген едім. Бұны оқып отырып бір басы артық мылжың диалог таппайсыз.

«Амбиграммалар және амбиграмма өнеріндегі сәулелер» пьесасы (Джон Лэнгдон) - Әртіс әрі философ Джон Лэнгдон біздің кемеңгер тұлғаларымыздың бірі. Оның бұл кітабы менің өнер, символдар мен симметриялар туралы бұрынғы ойымды мүлде өзгертіп жіберді.

«Шифрланған кодтар, басқа да құпиялар, заңсыз ұйымдар » (Фред Риксон) - Бұл кітап өнер, тарих, ғылым, криптология философиясының энциклопедиялық феномены.

«Жұмбақ сарай» (Джеймс Бэмфорд) - Бұл кітап жасырын ұйым Америкалық премьерлердің интеллектуальді агенті туралы болғандықтан ең сүйсініп оқитын кітаптарымның бірі.

«Стильдің элементтері» (У. Струнк П. Уайт) - Себебі барлық грамматикалық ережелер мен оқылулар кімнің есінде толықтай қалды?


- Сүйікті фильмдеріңіз?


- Менің қай уақытта да ең сүйікті фильмдерім, олар: «Фантазия», «Өмір қандай тамаша», «Энни Холл», «Ромео мен Джульетта». Әрине, егер мүмкіндік болып жатса, попкорн жеп отырып «Индиана Джонс» немесе «Алқызыл барыс» кейіпкерлерімен бірге уақыт өткізген тіпті керемет ғой.


- Сүйікті музыкаңыз?


- Мен жақында испаниялық тамаша орындаушы Франко Де Витаны тауып алдым. Сосын Gipsy Kings, Сара Маклахлан және өте жас әрі талантты әнші Ванесса Карлтонды тыңдаймын.


- Сіздің сыйлық ретінде алғыңыз келетін немесе біреуге сыйлағыңыз келетін сүйікті кітабыңыз қандай?


- Бұл бір нердтың әңгімесі болар, бірақ, меніңше, былғары мұқабалы Оксфордтық ағылшын сөздігін сыйлыққа беру өте қымбат сыйлық деп ойлаймын.


- Бізге өзіңіз туралы, «біле жүрген жақсы» деп есептейтін 3 фактыны айтып бере аласыз ба? Әрине, шығармашылық тұрғыдан, біріншіден, сіздің алғашқы мамандығыңыз қандай еді? Сізді не жазу шабыттандырады? Және ең соңғы сұрақ, сіздің өмір жолыңызда естен кетпестей көңілді сәт сыйлаған оқиғалар?


- Егер бір күн дағдылы уақытым таңғы 4:00 тұрып, жұмыс үстелімде бола алмай қалсам, мені күні бойы басқаша бір сағыныш сезімі басады да тұрады. Алдымен тәңертең ерте тұра салып, қысқа таңғы жаттығулар жасаумен айналысамын. Бұл жаттығулар адамның қантамыр айналым жүйесіне өте пайдалы. Тәңертеңгі бұндай демалыс менің ойымда жүрген сюжеттердің жаңа өзгерістерге қарай шешім табуына көп көмектеседі.


- Оқырмандарыңыздың өзіңіз туралы тағы не білгенін қалайсыз? Мысалы, сізге не ұнайды немесе ұнамайды, не қызықтырады, хоббиыңыз қандай?


- Мен жақында теннис ойынының фанаты болдым (және әр күн сайын түстен кейін жұмыс аяқталғанда өзім де ойнап тұрамын). Егер алаңнан біреу сыртқа шығып қалса онда топ спин сол жаққа қарай лақтырылады.


- Ойыңызбен бөліскеніңізге рахмет!



Сұхбат BookBrowse сайтынан алынды.

Аударған: Мерей Қосын


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)


Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар