27 мамыр 2018
Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Сабыр Адайдың жаңа кітабы жарыққа шықты

13.06.2016 348

Сабыр Адайдың жаңа кітабы жарыққа шықты


Қалың қазаққа танымал ерен ақын, ақжүрек ұлтшыл азамат Сабыр Адайды көпшілікке таныстырып жатудың өзі артық. Өлеңінен Махамбеттің рухы, Исатайдың қайсарлығы есіп тұратыны, туған топырағының қасиетінен болса керек-ті. Қара сөзге қамшы салдырмай, үнемі ізденіс үстінде жүретіні де талантының кемеліне жеткенін аңғартатындай. «Әр қазақ – Менің Жалғызым» деп ұрандатқан дауылпаз жыры өміршеңдігін көрсетіп келеді. Жалындаған жастық шағында-ақ, адуынды жырымен көзге түсіп, әдебиет сүйер қауымды елең еткізген арқалы ақынның күні кеше «Арыс» баспасынан «Алтынзер» (Ұлт пен Ұл) атты өлеңдер жинағы оқырманға жол тартты. Оқып шығып тамсандық. Орақ тілді ақынның өр мінезіне сүйсіндік. Қиыннан қиыстырған жыр жолдарынан ләззат алдық. Әр өлеңі кесек-кесек ой-толғам. Тарам-тарам жаңашыл сарын. Тыңнан түрен салған өрелі байлам. Заманның зары – қазақтың қамы жыр болып өріліп отырады! Қоғамдағы кез келген келеңсіздікті ақын жүрегінен өткізуге мәжбүр. Тынымсыз. Толғаныс үстінде. Айтып қалуға, жазып кетуге құлшыныс басым. Даладай дархан көңіл, әрегідік сыр беріп қалатын жүрекке де бой ұсынбайды. Бұл нағыз өрелі таланттарға ғана тән мінез! Ерекше болмыс иесіне берілген қабілет-қарым. Ауыздықпен алысқан арғымақ сезім құйындатып желдіртіп өтсе, ақын айға ұмтылуға бар. Пешенесіне жазылған ақындық ғұмырын осы жолда сарп етуге белді бекем буған азаматтың жаңа кітабы-жаңылық жаршысындай көрінеді.


Жүріп өткен жолында еңбегі еленбеді деуге болмас. Атақ-абыройдан құр алақан емесі көпке мәлім. Алған мараптары мен көрген сый-құрметтері атан түйеге жүк болардай қомақты. Сондықтан ақын ағамыз Сабыр Адайдың жаңа кітабының тұсауын «ЕлАна сайтына» кестіруі ана құрметтеген қазақ баласына тән кішілік. Мән беріп көтермелесек – КІСІЛІК! Ақынын ардақтаған елдің ұтары көп. Ендеше азулы ақынның жаңа кітабы құтты болсын, ағайын! Шәрбат-ойға шөліркесеңіз, тамсанып отырып оқитыныңыз анық! Келіңіз, жүрек шымырлатар жыр жолдарынан бойыңызға күш-қуат алыңыз! Арқалы ақынның шыққан биігіне көз салыңыз!


алтынзера.jpg

мукаба.jpg




























elana.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)


Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар