Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Бүгін ХІ «Дарабоз» сыйлығы салтанатты түрде табысталады

08.06.2016 326

Бүгін ХІ «Дарабоз» сыйлығы салтанатты түрде табысталады




Бүгін «Бауыржан» қайырымдылық қоры мен Қазақстанның жазушылар одағы «ZHERSU» инвестициялы-өндірістік корпорациясының қолдауымен, биыл он бірінші рет өтіп отырған халықаралық балалар жазушыларының арасындағы «Дарабоз» байқауы мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталады.


Шара Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасында түскі сағат 15:00-де басталады.


Конкурстың басты мақсаты - балалардың қазақ әдебиетінің дамуына және қоғамда насихатталуын барынша дәріптеу. Биылғы жылы XI байқау 20 сәуірде бастау алды. Әр қатысушы «Дарабоз» сайтының арнаулы парақшасына 20 мамырға дейін тіркеліп «Үздік балалар шығармасы» сыйлығына үміткер бола алды. Байқауға 300-ге жуық қазақ тіліндегі жұмыстар қабылданды.


Жұмыстар ішінен әділқазылар дауыс беру арқылы үздігін таңдайды. Еске салсақ, байқау қортындысы салтанатты марапаттау кешінде ғана белгілі болады. Әдеби жұмыстарды саралау барысында автордың әдеби-көркем ерекшелігі, мазмұны, жазылу стилі мен әдебі қатаң қадағаланады.


«Дарабоз» байқауының үздіктері 8 маусым Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасында өтетін салтанатты марапаттау кешінде белгілі болады. Байқаудың гран-при иегері «Үздік балалар шығармасы» номинациясы бойынша 1 000 000 тенге ақшалай жүлдеге ие болады. Сондай-ақ, осы жылы да ұйымдастырушылар тарапынан «Балалар әдебиетінің дамуына қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлық табысталады.


2015 жылғы «Дарабоз» халықаралық байқауында гран-при иегері Жамбыл облысынан Дүйсенбин Пернебай, I орын Жұмагельдинова Дәрия мен Қайырбек Шағыр бөліссе. Жазушы Мұзафар Әлімбаев «Балалар әдебиетінің дамуына қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлыққа лайық деп танылды.      

  


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар