Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ӨНЕР
Алматыда ІV Халықаралық «АRТ – Самғау 2017» фестив...

24.09.2017 6012

Алматыда ІV Халықаралық «АRТ – Самғау 2017» фестивалі өтеді

Алматыда ІV Халықаралық «АRТ – Самғау 2017» фестивалі өтеді - adebiportal.kz

2017 жылдың 27-29 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының, ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі, Қазақ Ұлттық ЮНЕСКО Клубтар Федерациясының қолдауымен жас суретшілердің ІV Халықаралық «АRТ – Самғау 2017» фестивалі өтеді.

Іс-шарада шетелдік өнер ордалары мен Қазақстанның көркемсурет колледждерінің жас суретшілері «Сәндік және қолданбалы өнер», «Натюрморт», «Пейзаж» номинациясы бойынша бақ сынайды.

Фестивальдің мақсаты: ҚР Президентінің еліміздің Тәуелсіздігін нығайту мен оның өркендеуі, әлем мәдениетінің дамуына үлес қосу саясатын қолдау, отандық өнерді халықаралық деңгейде насихаттай отырып, өнер арқылы халықтар арасындағы татулық пен ынтымақтастық байланысты нығайту, жас өрендердің өнеріне жол ашу, ұлттық өнер мен құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, өнер мен мәдениет саласындағы жоғары деңгейлі орта білімді кәсіби мамандар тәрбиелеуге үлес қосу.

Фестиваль барысында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессорлары, Қазақстан Республикасының бейнелеу өнер шеберлері және шет елден келген қатысушы–жетекші профессорлармен дөңгелек үстел, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының профессорлары, ҚР сурет өнері шеберлері және шетелдік оқу орындары делегат-профессорларының қатысуымен шеберлік сабақтар өткізеді. Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында мәдени орындар мен тарихи жерлерге, мұражайларға саяхат жасайды. Фестиваль қорытындысы бойынша жас дарындар жүлделі орындармен, арнайы дипломдармен марапатталады.

Фестивальге қатысушылар: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Болгария, Франция, Ресей және Египет Араб Республикасы.

ІV Халықаралық «АRТ – Самғау 2017» фестивалінің ашылу салтанаты ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының мәжіліс залында 2017 жылдың 27 қыркүйегінде, сағ. 17:00-де өтсе, ал жабылу салтанаты 29 қыркүйек, 12:00-де өтеді. Іс-шараның мекен-жайы: М.Ганди көш., 10


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар