Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Асед ИБРАГИМОВА. Қазақтарға қарыздармыз

21.02.2018 1301

Асед ИБРАГИМОВА. Қазақтарға қарыздармыз

1 наурыз – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні. Осыған орай 2016 жылдан бері бұл күн елімізде Алғыс айту күні ретінде аталып келеді. Қазақ даласына тағдыр тәлкегі, саясат салқынымен жер аударылып келген түрлі халық өкілдері көп ұзамай қазақ халқымен біте қайнасып, дос, бауырлас ұлт ретінде сіңісіп кетті. Бүгіндері өткен күнге тәубемен қарайтын түрлі этнос өкілдері Алғыс айту күні туралы Елбасының жарлығын ерекше ықыласпен қабылдады.

Асед ИБРАГИМОВА,

Алматы облыстық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы төрағасының орынбасары.

Мен Қазақстан халқына және оның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығымды білдіргім келеді. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында қасиетті жерде бейбітшіліктің, достықтың және ұлтаралық келісімнің туы желбіреуде.

Бізге қиын-қыстау күндерде баспанасының төрін ұсынып, 1944 жылы 23 ақпанда Отанынан көшірілген ингуш ұлтына бүтін нанын бөліп, жарты нанын жарып берген қазақ халқына ризашылығымды білдіргім келеді. Көптеген отбасы қазақ халқының жанашырлығының арқасында тіршілікке араласты. Себебі, жат жерге келгенде заманның қиындығына, саясаттың қаталдығына қарамастан, алдындағысын бөліп, аузындағысын жырып берген дархан елдің алқаусыз пейілінің арқасында көп ел ұлтына, нәсіліне қарамастан қатарға қосылды. Жығылғанға жұдырық жасамай, керісінше, қолтығынан демей білу – тектілік, ал, қазақ халқы сонау ғасырлар қойнауынан келе жатқан тарихында қалыптасқан осы бір мінезінен бүгінге дейін айныған жоқ. Жатты бауырына басып бауыр етті, алыстан арып-ашып жеткен елді құшағына қысып дос етті. Біздің аталарымыз бен әкелеріміз осындай адал достықты жоғары бағалап, ұрпаққа өнегелі істерді үйретті. Қазақ халқына талмас төзім мен шытынамас шыдам тілеймін. Біз татулықтың туын желбіреткен қазақтарға мәңгі қарыздармыз.

Мен жарық дүниеге әкелген, жанашыр, мейірімді, қайырымды, адалдықты ту етер, еңбекқор жан болып өсуіме, қазақстандық патриотизм рухын асқақтатуға тәрбие берген ата-анама және барша қонақжай қазақ халқына ризашылығымды білдіргім келеді. Өзіме берілген осындай мүмкіндікті пайдалана отырып, өлкеміздегі вайнахтардың жас ұрпағына: «Өз Отандарыңды, туған жерлеріңді сүйіңдер, оның ең басты байлығы – Қазақстан халқының достығын көздің қарашығындай сақтаңдар!» – деген өсиет айтамын.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар!

Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар