Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Астанада халықаралық ақындар айтысы өтеді...

08.10.2018 9395

Астанада халықаралық ақындар айтысы өтеді

Астанада халықаралық ақындар айтысы өтеді - adebiportal.kz

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз орталығында «Жыр арқауы - Астана» атты Халықаралық ақындар айтысының баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясына ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан ебек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова және «Алтын домбыра» сыйлығының екі мәрте иегері Мұхтар Ниязов қатысты.

Айтыс – қазақ руханиятының алтын қазынасы, мәдени мұрасы. Ғасырдан ғасырға, атадан балаға және заманнан заманға ұласып келе жатқан асыл мұра – айтыс өнері – өз бойына өнердің бірнеше түрін қамтыған жанр ретінде жас ақын-жазушылардың тәжірибе мектебі, халқымызды бүкіл әлемге танытатын биік өнер.

2018 жылдың 20-21 қазан аралығында «Қазақстан» орталық концерт залында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Астананың 20 жылдығына арналған «Жыр арқауы – Астана» атты Халықаралық ақындар айтысы өтеді.

Осы киелі мұраны кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, талантты жастарды өнердің кәусар бұлағынан нәр алғызып, шеберлігін шыңдауға ықпал ету мақсатында аталмыш айтысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырады.

Халықаралық айтысқа Минатхан Ұларбек, Жәимға Дәулетқазы (Қытай Халық Республикасы), Айдос Рашат, Аманжол Қуантқан «Монғолия», Асылбек Маратов, Мундузбек Усупбек уулу (Қырғыз Республикасы) сынды шетелдік саңылақ ақындар мен республикамыздың облыстық және республикалық маңызы бар қалалық айтыстардың жеңімпаздары: Ринат Заитов, Еркебұлан Қайназар, Серік Қойшығұлов, Біржан Байтуов, Мұхтар Ниязов және т.б. елге белгілі айтыскерлер қатысады.

«Жыр арқауы – Астана» атты айтысқа белгілі тұлғалар қазылық етеді. Олар: қазылардың төрағасы – ақын, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы, тарих ғылымдарының докторы, Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры Абдулвахап Қара (Түркия), белгілі ақын-жазушы Шынай Рахметұлы (Моңғолия), айтыс ақыны Әсия Берекенова (Қазақстан).

Бас қалаға арналған айтыстың жүлде қоры да қомақты: Бас жүлде – 5 000 000 теңге; І орын – 2 500 000 теңге; ІІ орын – екі адамға 2 000 000 теңгеден; ІІІ орын – екі адамға 1 000 000 теңгеден; жұбаныш сыйлықтар – 350 000 теңгеден.

Фотоларды түсірген: Нұрлан Нұрышов

Adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар